Оқиға

Жүргізуші аман қалды: Ақтөбе облысындағы апатта көлік қақ бөлінді - видео

© Photo : Ақтөбе облыстық полиция департаментіВАЗ-2144 жүргізушісі жантүршігерлік апатта аман қалды
ВАЗ-2144 жүргізушісі жантүршігерлік апатта аман қалды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Жазылу
Жол апаты "Самара-Шымкент" тасжолының 705 шақырымында болған
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды. ВАЗ маркалы жеңіл көлік қақ ортасынан бөлініп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 13 ақпан күні "Самара-Шымкент" тасжолының 705 шақырымында "ВАЗ-2144" маркалы автокөліктің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, Opel Vectra-мен соқтығысқан.
"Жол апаты кезінде ВАЗ автокөлігі қақ айырылды. "Opel Vectra" жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды", - дейді полицейлер.
Ал ВАЗ көлігінің жүргізушісі дін аман. Тәртіп сақшыларының айтуынша, оған ештеңе болмаған.
Полиция департаменті қала мен аудандардан тыс жерлерге шығу кезінде жол қозғалысы ережелері мен метеорологиялық жағдайды ескеру қажеттігін еске салды.
Нұр-Сұлтан маңында жол апаты болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Оқиға
Нұр-Сұлтан маңында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза болды
Жаңалықтар
0