Саясат

Тоқаев Түрікменстан президентінің шешімін қолдайтынын айтты

Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешімін қолдайды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың перспективаларын, оның ішінде Қазақстан президентінің былтырғы қазан айында Ашхабадқа жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.
Президенттер өзара сауда-саттық көлемінің артқанына, энергетика, көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың жанданғанына көңілдері толатынын айтты. Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары бауырлас екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ниетті екенін атап өтті.
Тоқаев Түрікменстанда ахалтеке жылқылары кешенінде болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Саясат
Түрікменстан президенті Тоқаевқа жылқы мен тазы сыйлады – видео
Тоқаев Түрікменстан президентіне шынайы құрметін білдіре отырып, Гурбангулы Бердімұхамедовтің кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімін қолдайтынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, Түрікменстан басшысының саяси әрі өмірлік мол тәжірибесі осы мемлекеттің өркендеуіне септігін тигізері сөзсіз.
Бұған дейін Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзі үшін қиын шешім қабылдағанын айтты. Ол мемлекетті басқаруды жас басшыларға беру қажет деп санайды.
Түрікменстан президентінің кезектен тыс сайлауы осы жылдың 12 наурызына белгіленді.
Жаңалықтар
0