Оқиға

Қарағанды облысында бірден бірнеше көлік жол апатына түсті– видео

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Жазылу
DAF маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Қарағандыға қарай бара жатқанда рөлге ие бола алмай қалған
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Теміртау қаласына жақын жерде ірі жол апаты болды, деп хабарлады E-Karaganda.
Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 13 ақпан күні шамамен сағат 13:36-да болған. DAF маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Қарағандыға қарай бара жатқанда рөлге ие бола алмай, тасжолда тұрған көліктерді соққан. Салдарынан алты бірдей авто – Toyota Camry, Volkswagen Vento, Renault Duster, Renault Logan, Volkswagen Polo мен Volvo жүк көлігі бір-бірімен соқтығысқан. Зардап шеккен адамдар туралы мәлімет жоқ.
Айта кетері, Қарағанды облысының басым бөлігінде боран басылмай тұр. Осыған байланысты төтенше жағдай қызметі алыс жолға шықпауға кеңес берді.
Кеше, 13 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық бағытта тасжолдар жабылған болатын. Сол кезде 44 жол апаты тіркелді. Қазіргі таңда жолдар ашылды.
Нұр-Сұлтан маңында жол апаты болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Оқиға
Нұр-Сұлтан маңында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза болды
Жаңалықтар
0