https://sputnik.kz/20220214/qantar-oqigalary-togzhanov-tauelsiz-komissiya-22778630.html
Қаңтар оқиғалары: вице-премьер "Аманат" комиссиясының өкілдерімен кездесті
Қаңтар оқиғалары: вице-премьер "Аманат" комиссиясының өкілдерімен кездесті
Sputnik Қазақстан
Вице-премьер қаңтар оқиғаларын тергеумен айналысатын комиссияға қажетті көмек көрсетуді тапсырды 14.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-14T15:28+0500
2022-02-14T15:28+0500
2023-08-09T16:07+0500
қоғам
ералы тоғжанов
қаңтар
оқиға
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0e/22778321_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_c7f99d7660f35ae40057e2dd83ecf932.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қаңтар оқиғалары кезіндегі фактілерді тергеумен айналысатын "Аманат" тәуелсіз комиссиясының өкілдерімен кездесті.Кездесу кезінде құқық қорғаушылар комиссия қызметінің бағыттары туралы әңгіме қозғады, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.Комиссия өкілдері қаңтарда болған оқиғаларды тергеудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты бірқатар ұсыныс айтты.Вице-премьер мемлекеттік органдарға қоғамдық комиссияның әрбір ұсынысын мұқият пысықтап, мәселелерді заңнамада белгіленген тәртіппен шешуді, сондай-ақ комиссия қызметіне қажетті көмек көрсетуді тапсырды.Айта кетері, "Аманат" қоғамдық комиссиясы қаңтарда болған оқиғаларға байланысты негізсіз қудаланған азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін құрылды. Негізгі мақсаты – бейбіт шеруге қатысқаны үшін тергелген, бірақ қылмыстық ниеті болмаған, сондай-ақ қылмыстарға қатысы жоқ адамдарды қылмыстық қудалаудан босату.Комиссия құрамына сегіз адам кірді, оның ішінде төрт кәсіби заңгер, бір мәжіліс депутаты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бір мүшесі және Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінен бір-бір өкілден бар.
https://sputnik.kz/20220213/prezident-qantar-qaytys-bolgandar-22744863.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0e/22778321_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_5a5207c8e0c52321cb71559208e07ee9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ералы тоғжанов, қаңтар, оқиға
ералы тоғжанов, қаңтар, оқиға
Қаңтар оқиғалары: вице-премьер "Аманат" комиссиясының өкілдерімен кездесті
15:28 14.02.2022 (жаңартылды: 16:07 09.08.2023) Вице-премьер қаңтар оқиғаларын тергеумен айналысатын комиссияға қажетті көмек көрсетуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қаңтар оқиғалары кезіндегі фактілерді тергеумен айналысатын "Аманат" тәуелсіз комиссиясының өкілдерімен кездесті.
Кездесу кезінде құқық қорғаушылар комиссия қызметінің бағыттары туралы әңгіме қозғады, деп хабарлайды үкімет басшысының
баспасөз қызметі.Комиссия өкілдері қаңтарда болған оқиғаларды тергеудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты бірқатар ұсыныс айтты.
Вице-премьер мемлекеттік органдарға қоғамдық комиссияның әрбір ұсынысын мұқият пысықтап, мәселелерді заңнамада белгіленген тәртіппен шешуді, сондай-ақ комиссия қызметіне қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Айта кетері, "Аманат" қоғамдық комиссиясы қаңтарда болған оқиғаларға байланысты негізсіз қудаланған азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін құрылды. Негізгі мақсаты – бейбіт шеруге қатысқаны үшін тергелген, бірақ қылмыстық ниеті болмаған, сондай-ақ қылмыстарға қатысы жоқ адамдарды қылмыстық қудалаудан босату.
Комиссия құрамына сегіз адам кірді, оның ішінде төрт кәсіби заңгер, бір мәжіліс депутаты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бір мүшесі және Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінен бір-бір өкілден бар.