Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда сұлулық салоны қызметкерлері мен клиент төбелесті - видео

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Жазылу
Полиция департаменті оқиға туралы ақпаратты растады
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығының сұлулық салонында болған төбелес себебін анықтап жатыр. Салон қызметкері мен клиент арасында жанжал шықты.
Оқиға куәгерлерінің бірі, сұлулық салонындағы қызметтен кейін клиент қызметкердің жұмысына шағымданған. Әйелге нақты не ұнамағаны әлі белгісіз.
"Екеуі сөзге келіп қалып, клиент салон әкімшісіне ұялы телефонын лақтырды. Осыдан кейін бір ер адам келушіні жұдырықпен ұрды. Оның мұрнынан қан кетті", - дейді куәгерлер.
Оқиға орнына сауда орталығының күзет қызметкерлері келген. Олар жанжал қатысушыларының полиция жеткенше дейін кетіп қалуына мүмкіндік бермеді.
Нұр-Сұлтан полиция департаменті бұл оқиғаны растады.
"Осы факті бойынша Қабанбай батыр даңғылындағы Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығындағы Viva сұлулық салонына келуші мен қызметкерлер арасында жанжал туындап, төбелеске ұласты. Оқиғаның барлық қатысушылары полицияға жеткізілді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0