https://sputnik.kz/20220214/esil-ozeninde-balyq-qyrylyp-zhatyr-22781931.html
Есіл өзенінде балық қырылып жатыр
Есіл өзенінде балық қырылып жатыр
Sputnik Қазақстан
Қазірдің өзінде 85 келі өлі балық жиналды, олардың неден қырылғаны зертханада белгілі болады 14.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-14T17:13+0500
2022-02-14T17:13+0500
2022-02-14T17:13+0500
өңірлер
балық
есіл өзені
https://sputnik.kz/img/1374/08/13740877_0:75:1280:795_1920x0_80_0_0_f23ed2c4011788fc5e987d3216b4fcc9.jpg
АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Есіл өзенінде балықтың жаппай қырылуына жол бермеу және тоқтату жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі.Ақмола облысы Астрахан ауданы Новочеркасское ауылының маңында Есіл өзенінде 85 келіге жуық өлі балық жиналды.Қазір ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облысы аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп сынақ жұмыстары жүргізіліп жатыр.Қалған балық санитарлық нормаларды сақтап жойылды.Қазір өзен суын мәжбүрлі аэрациялау үшін екі мотопомпа орнатылды. Бұл мұз астындағы суды оттегімен қамтамасыз етуге көмектеседі. Су қоймасының жай-күйі бақылауда.
есіл өзені
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1374/08/13740877_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_c866c48afa5715090795799bb299b62e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балық, есіл өзені
Есіл өзенінде балық қырылып жатыр
Қазірдің өзінде 85 келі өлі балық жиналды, олардың неден қырылғаны зертханада белгілі болады
АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Есіл өзенінде балықтың жаппай қырылуына жол бермеу және тоқтату жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі.
"Мұз астында өлген балық жиналып, зертханаға жіберілді. Нәтижесі белгілі болғаннан кейін жарияланады. Болжам бойынша, балық мұз астында оттегінің жетіспеуінен қырылған болуы мүмкін", - делінген баспасөз хабарламасында.
Ақмола облысы Астрахан ауданы Новочеркасское ауылының маңында Есіл өзенінде 85 келіге жуық өлі балық жиналды.
Қазір ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облысы аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп сынақ жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қалған балық санитарлық нормаларды сақтап жойылды.
Қазір өзен суын мәжбүрлі аэрациялау үшін екі мотопомпа орнатылды. Бұл мұз астындағы суды оттегімен қамтамасыз етуге көмектеседі. Су қоймасының жай-күйі бақылауда.