Оқиға

Алматыда аударылған жүк тиегіш жүргізушіні басып қалды

© Sputnik / СтрингерЖеке кәсіпорын аумағында жүк тиегіш жүргізушіні басып қалды
Жеке кәсіпорын аумағында жүк тиегіш жүргізушіні басып қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Жазылу
"Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Жеке кәсіпорын аумағында жүк тиегіш аударылып кетіп, жүргізушіні басып қалды, ол алған жарақатынан көз жұмды.
Қайғылы оқиға Алматының Түрксіб ауданында болды.
Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.
"Бұл дерек Қазақстан Қылмыстық кодексінің 156-бабы (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеуге кірісті", - деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаменті.
Ведомство мамандары тиісті сараптамалар тағайындалатынын атап өтті.
Оқиға орнында құтқару және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеді.
Жаңалықтар
0