https://sputnik.kz/20220213/yemen-sodyrlar-buu-qyzmetkeri-22747609.html
Йеменде содырлар БҰҰ-ның 6 қызметкерін ұрлап кетті
Йеменде содырлар БҰҰ-ның 6 қызметкерін ұрлап кетті
Sputnik Қазақстан
Біріккен ұлттар ұйымының қызметкерлерін белгісіз содырлар ұрлағаны туралы Йемендегі БАҚ хабарлады 13.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-13T11:53+0500
2022-02-13T11:53+0500
2023-08-09T12:48+0500
әлем
бұұ
содыр
https://sputnik.kz/img/old/857/33/8573332_0:199:2795:1771_1920x0_80_0_0_eafa9be07a3b5e5688c0d666d7d84ee6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Йеменнің оңтүстігінде Біріккен ұлттар ұйымының алты қызметкерін белгісіз содырлар ұрлап әкетті. БҰҰ өкілдері жергілікті құқық қорғау және күш құрылымдарымен бірлескен іс-қимыл арқылы өз қызметкерлерін іздестіріп жатыр. БҰҰ миссиясының алты қызметкерін ұрлау Абьян провинциясында тіркелді, деп хабарлады РИА Новости Йемендегі БАҚ-қа сілтеме жасап.Агенттіктің ақпарат көзі ұсынған дерек бойынша, содырлар БҰҰ қызметкерлерін көлікке мінгізіп, белгісіз бағытта алып кеткен. Синьхуа агенттігі хабарлағандай, БҰҰ-ның Йемендегі гуманитарлық кеңес үйлестірушісі коммуникациясының аға кеңесшісі Рассел Гики БҰҰ қызметкерлерін жұмыстары аяқталғаннан кейін Аден қаласына қайтар жолда ұрлағанын мәлімдеді. "БҰҰ өз қызметкерлерін босату мақсатында билікпен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр", - деді Гики. Yemen Press Agency агенттігі өткен жылы "Халықаралық құтқару комитеті" үкіметтік емес ұйымы Йеменнің Абьян провинциясында өзінің гуманитарлық қызметін тоқтататыны туралы жариялаған соң, ұйымның екі машинасын белгісіз содырлар тонап-қиратқанын хабарлады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/857/33/8573332_83:0:2710:1970_1920x0_80_0_0_56a3ad0d17b7c390923048b7b446d05e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұұ, содыр
Йеменде содырлар БҰҰ-ның 6 қызметкерін ұрлап кетті
11:53 13.02.2022 (жаңартылды: 12:48 09.08.2023) Біріккен ұлттар ұйымының қызметкерлерін белгісіз содырлар ұрлағаны туралы Йемендегі БАҚ хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Йеменнің оңтүстігінде Біріккен ұлттар ұйымының алты қызметкерін белгісіз содырлар ұрлап әкетті. БҰҰ өкілдері жергілікті құқық қорғау және күш құрылымдарымен бірлескен іс-қимыл арқылы өз қызметкерлерін іздестіріп жатыр.
БҰҰ миссиясының алты қызметкерін ұрлау Абьян провинциясында тіркелді, деп хабарлады РИА Новости Йемендегі БАҚ-қа сілтеме жасап.
"Жергілікті ақпарат көзіне сәйкес, Абьян провинциясында белгісіз содырлар БҰҰ-ның алты қызметкерін, атап айтқанда, бір болгар мен бес йеменді ұрлап әкетті", - деп хабарлады агенттік.
Агенттіктің ақпарат көзі ұсынған дерек бойынша, содырлар БҰҰ қызметкерлерін көлікке мінгізіп, белгісіз бағытта алып кеткен. Синьхуа агенттігі хабарлағандай, БҰҰ-ның Йемендегі гуманитарлық кеңес үйлестірушісі коммуникациясының аға кеңесшісі Рассел Гики БҰҰ қызметкерлерін жұмыстары аяқталғаннан кейін Аден қаласына қайтар жолда ұрлағанын мәлімдеді.
"БҰҰ өз қызметкерлерін босату мақсатында билікпен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр", - деді Гики.
Yemen Press Agency агенттігі өткен жылы "Халықаралық құтқару комитеті" үкіметтік емес ұйымы Йеменнің Абьян провинциясында өзінің гуманитарлық қызметін тоқтататыны туралы жариялаған соң, ұйымның екі машинасын белгісіз содырлар тонап-қиратқанын хабарлады.