Өңірлер

Екібастұздағы Маугли-балалардың қандай ауруға шалдыққаны белгілі болды

© Photo : poiskoviki_pvl_vita / InstagramГолодных детей с пневмонией обнаружили волонтеры в Экибастузе
Голодных детей с пневмонией обнаружили волонтеры в Экибастузе - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2022
Жазылу
Балалар қазір толық тексеруден өтіп жатыр және тексеру нәтижелері кешірек белгілі болады
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Екібастұзда табылған балалар барлық қажетті азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім және ойыншықпен қамтамасыз етілген, деп хабарлады "VITA" павлодарлық волонтерлер өз аккаунтында.
"Біздің павлодарлықтар мен облыс тұрғындары әркез өздерінің жанашырлығымен ерекше көзге түсіп келеді. Бірнеше күннен бері қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан Екібастұз қаласындағы отбасы бойынша балалардың денсаулығына алаңдағандардан әлі де сұрақтар түсіп жатыр. Біздің директ пен ватсапқа балаларға көмек бергісі келетіндерден көп хатып келіп жатыр", - деді волонтерлер.
Волонтерлер павлодарлықтар қандай тамақ пен киім-кешек қажет екенін сұрап жатқанын айтты.
"Балалардан пневмония мен рахит анықталды. Қазір оларда бәрі бар. Есімін жария етпеуді қалаған мейірімді жандар барлық қажеттімен қамтамасыз етті. Баршаңызға рақмет!" – деп жазды павлодарлық еріктілер.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғаиева Sputnik Қазақстан агенттігіне медицина мамандарының алдын ала болжамы бойынша балалардың коронавирус пен пневмонияға шалдыққаны анықталғанын хабарлады.
Балалар қазір толық тексеруден өтіп жатыр және тексеру нәтижелері кешірек белгілі болады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Кеше Екібастұзда волонтерлер, полиция қызметкерлері мен қамқоршылық органдары аш қалған төрт баланы анықтады. Берекесіз отбасы туралы полицияға көршілері хабарлаған. Балалар дұрыс тамақтанбаған, далаға шықпаған және Маугли секілді адамдардан оқшау өскен.
Аналарының айтуынша, олардың жағдайы нашарлап, бір жыл бұрын жүре алмай қалған.
Волонтерлер жедел жрдем шақырғаннан кейін балалар анасымен бірге шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Облыстық балалар ауруханасына жатқызылған қыз баладан коронавирус, қалған үш ұлдан пневмония анықталды.
Екібастұзда науқас әрі аш-жалаңаш бірнеше бала табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2022
Өңірлер
Екібастұзда науқас әрі аш-жалаңаш бірнеше бала табылды
Жаңалықтар
0