https://sputnik.kz/20220213/almaty-duken-qaruy-22751577.html
Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған азаматтан "Сайга" қаруы тәркіленді
Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған азаматтан "Сайга" қаруы тәркіленді
Sputnik Қазақстан
Полиция арнайы жасақ қызметкерлерінің қолдауымен жүргізген кезекті арнайы операция барысында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған сегіз оқпанды қару... 13.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-13T14:34+0500
2022-02-13T14:34+0500
2023-08-09T17:16+0500
алматы
қаңтар оқиғасы
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/07e5/04/16/16864182_0:427:532:726_1920x0_80_0_0_52bf3b4b6cfdddd4e90d6af8991e3419.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Алматы полиция департаментінің қызметкерлері Наурызбай ауданының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бұл азаматтың сарайынан қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде "Камерад" қару-жарақ дүкенінен ұрланған заттар табылған. Тәркіленген әскери техника қатарында "Сайга" тегіс ұңғылы сегіз қару бар. Полицейлердің хабарлауынша, ұсталған азамат қару-жарақ пен басқа да заттарды сарайдың арнайы жабдықталған құпия орнында сақтаған. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады polisia.kz. Алматы полициясы заңсыз сақтауда тұрған, соның ішінде 2022 жылдың қаңтарындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған атыс қаруын өз еркімен тапсырған азаматтар ауыр қылмыс жасауға қатыспаған болса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/16/16864182_0:377:532:776_1920x0_80_0_0_cc70435e60eef6060bc02b0924e4c0bb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қару-жарақ
Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған азаматтан "Сайга" қаруы тәркіленді
14:34 13.02.2022 (жаңартылды: 17:16 09.08.2023) Полиция арнайы жасақ қызметкерлерінің қолдауымен жүргізген кезекті арнайы операция барысында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған сегіз оқпанды қару тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Алматы полиция департаментінің қызметкерлері Наурызбай ауданының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Бұл азаматтың сарайынан қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде "Камерад" қару-жарақ дүкенінен ұрланған заттар табылған. Тәркіленген әскери техника қатарында "Сайга" тегіс ұңғылы сегіз қару бар.
Полицейлердің хабарлауынша, ұсталған азамат қару-жарақ пен басқа да заттарды сарайдың арнайы жабдықталған құпия орнында сақтаған.
"Арнайы операция кезінде 1984 жылы туған К.есімді азамат ұсталды. Жедел іс-шара барысында анықталғандай, ол осы жылдың 5 қаңтарында “Камерад” қару-жарақ дүкенін тонауға қатысып, 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы сегіз мылтықты иеленген. Күдікті бұл үйіндегі адамдарының көзінен тасада ұстап, сарайда жасырған. Барлық қару тәркіленді және оларға тиісті сараптама тағайындалды", – деді Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.
Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады
polisia.kz. Алматы полициясы заңсыз сақтауда тұрған, соның ішінде 2022 жылдың қаңтарындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған атыс қаруын өз еркімен тапсырған азаматтар ауыр қылмыс жасауға қатыспаған болса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.