https://sputnik.kz/20220212/resey-minsk-kelissozi-oryndalmay-otyrganyn-malimdedi-22728967.html
Ресей Минск келіссөзі орындалмай отырғанын мәлімдеді
Ресей Минск келіссөзі орындалмай отырғанын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АҚШ-тан бастап Жапонияға дейін бірнеше ел өз азаматтарын Украина аумағынан кетуге шақырды 12.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-12T11:00+0500
2022-02-12T11:00+0500
2022-02-12T11:00+0500
әлем
ресей
украина
https://sputnik.kz/img/398/27/3982707_0:94:3072:1822_1920x0_80_0_0_216dac016f768476b69ca538fe3cc342.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу британиялық әріптесі – Біріккен Корольдіктің қорғаныс министрі Бен Уоллеспен сұхбаттасып жатқанда Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба елең етерлік мәлімдеме жасады, деп жазды РИА Новости.Украина сыртқы саяси ведомствосының басшысы Киев Мәскеуден "Украина және уақытша басып алған Қырым аумағына іргелес жатқан аудандардағы әскери іс-қимылға егжей-тегжейлі түсініктеме беруді" талап еткенін хабарлады. Ал АҚШ-тан бастап Жапонияға дейін бірнеше ел өз азаматтарын Украина аумағынан кетуге шақырды.Халықаралық шолушының материалында бұл оқиғаның барлығы Парижде "Норманд форматында" саяси кеңесшілердің кезекті кездесуі аяқталғаннан кейін болғаны жазылған. Көбі бұл келіссөзден ешқандай нәтиже күтпеген еді және ол болжам толығымен орындалды. Оның нәтижесі бойынша Ресей президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козак Минск процесінің бұзылғанына Украина мен Батыс жауапты екенін жариялады. Жалпы ресейлік делегация басшысы өткір пікір білдіріп, қазіргі жағдайды жағымсыз сипатта бағалады. Ол қақтығысты реттеу әрекеті мүлде жоқ екенін айтып, құжатқа қол қойған жеті жыл босқа өткенін мәлімдеді.Бірақ тура жеті жыл бұрын, яғни 2015 жылы ақпанның 12-сіне қараған түні Ангела Мрекель мен Франсуа Олланд қатысқан Минсктегі келіссөзде Ресей тарапынан кәсібилігі жоғары заңгер қатысты. Нәтижесінде құжаттағы әрбір сөз ұғыныңқы, еш бұрмалауға келмейтін, астарсыз жазылды да, арада бірнеше жыл өтсе де, мүдделі тарап құжаттың мәнін басқа сипатта қолданудың әдісін таба алмады.Қатысушылардың барлығы кездесу нәтижесіне төмен баға бергенмен, оны соншалық нәтижесіз деуге келмейді. Келіссөз тоғыз сағатқа созылғанының өзі арада сұхбат болғанын айқындап тұр. Өйткені тараптардың айтары жоқ және бір-бірімен әңгімелесуге дайын болмаған шақта, мұндай кездесулер өте жылдам аяқталады, деп жазылған ресейлік агенттікте.Халықаралық шолушының пікірінше, тоғыз сағатқа созылған келіссөз бен кездесудің қандай да бір нәтижесі болмауы қазіргі ахуалдың қаншалықты күрделі екенін және украин билігі тірелген тығырықты айна-қатесіз көрсетіп тұр. Себебі Киев "ресейлік шабуылды" біресе жоққа шығарса, біресе басққаларды сабырға шақырды, тағы бірде Мәскеуді ашық агрессия танытты деп айыптап, арандатуды өршітіп отыр.РИА Новости мұндай біржақты ұстанымның жоқтығы ірі әскери қақтығыс АҚШ пен Ұлыбританияға қажет екенін білдіретінін жазды. Себебі олар туындаған ауыр жүйелі проблемаларды үшінші елдерді өзара арандату және әскери қақтығысқа итермелеу арқылы шешкісі келеді. Соңғы 100 күн бойы жаңалықтар легінде пайда болып жатқан ақпараттың барлығы дәл осы аталған екі мемлекет эскалацияны басты үдетушілер екенін аңғартып тұр. Ал Ресей де, Батыс Еуропа да, Украина да соғысуды қалап отырған жоқ."Киев үшін мұндай әскери қақтығыс ірі ауқымды апатқа алып келетіні анық. Украин билігі мұны түсінгенімен, қазір шегінерге жол таппай отыр. Сондықтан соңғы төрт айда украин тараптың жасаған мәлімдемелері бір-біріне кереғар болып отыр. Ал АҚШ-тың өз азаматтарына Украинадан кетуге үндеуі олардың соғысқа дайын екенін аңғартады", - деп түйіндеді шолушы Ирина Алкснис.
ресей
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/398/27/3982707_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_7b3268ca9a782d9b73bcc2a8ecf073c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, украина
Ресей Минск келіссөзі орындалмай отырғанын мәлімдеді
АҚШ-тан бастап Жапонияға дейін бірнеше ел өз азаматтарын Украина аумағынан кетуге шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу британиялық әріптесі – Біріккен Корольдіктің қорғаныс министрі Бен Уоллеспен сұхбаттасып жатқанда Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба елең етерлік мәлімдеме жасады, деп жазды
РИА Новости. Украина сыртқы саяси ведомствосының басшысы Киев Мәскеуден "Украина және уақытша басып алған Қырым аумағына іргелес жатқан аудандардағы әскери іс-қимылға егжей-тегжейлі түсініктеме беруді" талап еткенін хабарлады. Ал АҚШ-тан бастап Жапонияға дейін бірнеше ел өз азаматтарын Украина аумағынан кетуге шақырды.
Халықаралық шолушының материалында бұл оқиғаның барлығы Парижде "Норманд форматында" саяси кеңесшілердің кезекті кездесуі аяқталғаннан кейін болғаны жазылған. Көбі бұл келіссөзден ешқандай нәтиже күтпеген еді және ол болжам толығымен орындалды. Оның нәтижесі бойынша Ресей президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козак Минск процесінің бұзылғанына Украина мен Батыс жауапты екенін жариялады. Жалпы ресейлік делегация басшысы өткір пікір білдіріп, қазіргі жағдайды жағымсыз сипатта бағалады. Ол қақтығысты реттеу әрекеті мүлде жоқ екенін айтып, құжатқа қол қойған жеті жыл босқа өткенін мәлімдеді.
"Козак келіссөз кезінде Кембридж түсіндірме сөздігін қолына алып, басқа делегация мүшелеріне "консультация" мен "талқылау" сөзінің мәнін түсіндіруге мәжбүр болды. Себебі соңғы жылдары Минск келісімін қайта қарау құжатта жазылғанды бұрмалап, оның мәнін өзгерту бағытында жүріп жатыр", - деп жазды мақала авторы.
Бірақ тура жеті жыл бұрын, яғни 2015 жылы ақпанның 12-сіне қараған түні Ангела Мрекель мен Франсуа Олланд қатысқан Минсктегі келіссөзде Ресей тарапынан кәсібилігі жоғары заңгер қатысты. Нәтижесінде құжаттағы әрбір сөз ұғыныңқы, еш бұрмалауға келмейтін, астарсыз жазылды да, арада бірнеше жыл өтсе де, мүдделі тарап құжаттың мәнін басқа сипатта қолданудың әдісін таба алмады.
Қатысушылардың барлығы кездесу нәтижесіне төмен баға бергенмен, оны соншалық нәтижесіз деуге келмейді. Келіссөз тоғыз сағатқа созылғанының өзі арада сұхбат болғанын айқындап тұр. Өйткені тараптардың айтары жоқ және бір-бірімен әңгімелесуге дайын болмаған шақта, мұндай кездесулер өте жылдам аяқталады, деп жазылған ресейлік агенттікте.
Халықаралық шолушының пікірінше, тоғыз сағатқа созылған келіссөз бен кездесудің қандай да бір нәтижесі болмауы қазіргі ахуалдың қаншалықты күрделі екенін және украин билігі тірелген тығырықты айна-қатесіз көрсетіп тұр. Себебі Киев "ресейлік шабуылды" біресе жоққа шығарса, біресе басққаларды сабырға шақырды, тағы бірде Мәскеуді ашық агрессия танытты деп айыптап, арандатуды өршітіп отыр.
РИА Новости мұндай біржақты ұстанымның жоқтығы ірі әскери қақтығыс АҚШ пен Ұлыбританияға қажет екенін білдіретінін жазды. Себебі олар туындаған ауыр жүйелі проблемаларды үшінші елдерді өзара арандату және әскери қақтығысқа итермелеу арқылы шешкісі келеді. Соңғы 100 күн бойы жаңалықтар легінде пайда болып жатқан ақпараттың барлығы дәл осы аталған екі мемлекет эскалацияны басты үдетушілер екенін аңғартып тұр. Ал Ресей де, Батыс Еуропа да, Украина да соғысуды қалап отырған жоқ.
"Киев үшін мұндай әскери қақтығыс ірі ауқымды апатқа алып келетіні анық. Украин билігі мұны түсінгенімен, қазір шегінерге жол таппай отыр. Сондықтан соңғы төрт айда украин тараптың жасаған мәлімдемелері бір-біріне кереғар болып отыр. Ал АҚШ-тың өз азаматтарына Украинадан кетуге үндеуі олардың соғысқа дайын екенін аңғартады", - деп түйіндеді шолушы Ирина Алкснис.