Қоғам

Қарулы күштердегі ең ұзын бойлы сарбаз қалай қызмет етіп жүр - видео

© Photo : Минобороны КазахстанаСамый высокий солдат казахстанской армии Азат Мухамедов
Самый высокий солдат казахстанской армии Азат Мухамедов - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2022
Жазылу
Ол әскерге Алматы облысынан шақырылған, қазір Ақтаудағы әскери бөлімде борышын атқарып жүр
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Қорғаныс министрлігі Қарулы күштер қатарындағы ең ұзын сарбаз туралы ақпарат берді.
Оның бойы - 2 метр 3 сантиметр. Қатардағы жауынгер Азат Мұхамедов Теңіз жаяу әскері бригадасының артиллериялық дивизионында көздеуші оператор болып жүр.
Мұхамедов мектепте, колледжде, қазір әскерде де өзінің бойымен ерекшеленеді.
"Бала кезінен бокспен айналысып, армияға дейін жарыстарға қатысқан. Қазір жақсы дайындығы мен бойының арқасында тиісті нормативтерді орындайды", - делінген видеода.
Оған шақ киім табу қиын болса керек. Алайда қажетті формамен қамтылған. Сұңғақ бойлы жігіт әскерге бару туралы шешім қабылдағанына өкінбейтінін айтты.
"Әскери өмірдің қиындығына қарағанда қызықты кездер көп екеніне көзім жетті.Барлық азаматтарды отан алдындағы борышын өтеуге шақырамын", - деді бойшаң сарбаз.
Жаңалықтар
0