Өңірлер

Тұрғындар Қаракөлге қайта оралған қоқиқаздарды видеоға түсірді

© Sputnik / Абзал КалиевФламинго на Талдыколе
Фламинго на Талдыколе - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2022
Жазылу
Ақтаулық блогер осы ғажайып құстар туралы тағы да ерекше видео түсірді
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне қайта оралған қоқиқаздарды видеоға түсіріп алды.
"Негізінде Қаракөл Маңғыстау облысындағы айрықша орындардың бірі. Амалын тапса, бұл көлді Дубайдағы Рас-әл-Хор қорығы секілді нысанға айналдыруға болар еді", - деп жазды Сәрсенбаев.
Ол қоқиқаздарға жақын баруға мүмкіндік жоқ екеніне өкініш білдірді. Себебі мұнда инфрақұрылым да, арнайы шолу алаңы да қарастырылмаған.
Рас-әл-Хор қорығы – Дубайда 1985 жылы құрылған ерекше табиғи орын. Мұнда жыл сайын Шығыс Африкадан Батыс Азияға дейінгі аймақтардан мыңдаған құс қыстау үшін ұшып келеді. Олардың ішінде қорықтың ең танымал "тұрғындарына" айналған алқызыл қоқиқаздар бар.
Сәрсенбаев қоқиқаздар туралы видеоны бұған дейін де түсірген болатын.
Жаңалықтар
0