Саясат

Президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысы тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневПарламент сенатының ғимараты
Парламент сенатының ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2022
Жазылу
Бұл қызметті бұған дейін атқарған Бейбіт Исабаев президент жарлығымен сенат депутаты болып тағайындалған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Әмірбек Оспанбеков Қазақстан президентінің парламенттегі өкілдігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Әмірбек Қанатбекұлы Оспанбеков Қазақстан президентінің Қазақстан Республикасы парламентіндегі өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Бұған дейін бұл қызметті Бейбіт Исабаев атқарған болатын. Ол 13 қаңтарда президент жарлығымен сенат депутаты болып тағайындалды.
Оқи отырыңыз: Президенттің жарлығымен сенат депутатының өкілеттігі тоқтатылды
Жаңалықтар
0