Өңірлер

Ертең ауа райы қандай болады

© Sputnik / Владислав ВодневСнегопад в Нур-Султане
Снегопад в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2022
Жазылу
Елдің оңтүстік және батыс аймақтарында жаңбыр жауады
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 13 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты.
Жексенбі күні елдің басым бөлігінде қар жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыста қармен қатар жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыст көктайғақ болуы мүмкін.

Солтүстік пен орталықтағы ауа райы

Ақмола облысында боран соғады. Облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде боран болады. Жел күйшейеді - 15-20 м/с. Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде боран соғады, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде - 15-20 м/с жел болады. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсіп, боран соғады. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, секундына 15-20 метр жел.

Оңтүстіктегі ауа райы

Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында жел күшейеді - 15-20 м/с. Түнде таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман. Күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда облысының батыс жартысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с-ке жетеді деп болжануда. Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыста және таулы аудандарда - 15-20 м/с жел.

Батыстағы ауа райы

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде боран соғып, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Атырау облысының батысы мен орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с жел соғады. Түнде солтүстікте, күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде көктайғақ. Күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде боран, 15-20 м/с жел, күндіз оңтүстікте, облыс орталығында көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыстағы ауа райы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында боран соғады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с-ке жетеді.
Жаңалықтар
0