https://sputnik.kz/20220212/deputat-kopbalaly-analar-zhanzhal-22726226.html
Депутат пен көпбалалы аналардың арасында болған жанжал желіде қызу талқыланды
Депутат пен көпбалалы аналардың арасында болған жанжал желіде қызу талқыланды
Sputnik Қазақстан
Осы жағдайдан кейін құрылыс магнаты көпбалалы отбасыларға қайырымдылық жасаудан бас тартты 12.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-12T08:39+0500
2022-02-12T08:39+0500
2022-02-12T08:39+0500
елорда тынысы
депутат
көпбалалы отбасы
https://sputnik.kz/img/1272/82/12728271_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_d4c88b178ef5c515dc069d7c7f99449e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, ірі құрылыс компаниясының басшысы көпбалалы аналарды балағаттады. Аяқ астынан дүрсе қоя берген әйелдердің қылығына Ғабит Сәтмағамбетов ашуланған көрінеді, деп хабарлады КТК.Оқиға қала әкімдігінде болды. Жағдайын айтпақ болған аналарды тыңдаудың орнына бейәдеп сөз қайтарған.- Вот-вот, еще один депутат сбежал. Сбежал. Сюда подойдите. Сюда. Сюда давай. Не надо себя так вести.- Идите в задницу.Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан бейнежазбаға қатысты мәслихат депутаты тек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді. Айтуынша, көпбалалы аналар әдейі арандатқан. Әйтпесе Ғабит Сәтмағамбетов сол әйелдерге көмектесуден кенде емес екен. Ол басқаратын құрылыс компаниясы қоғамның осы топ өкілдеріне бүгінгі күнге дейін 20 баспана сыйлапты. Ауру балалардан да ақша аямадым депті депутат.Енді мына жағдайдан кейін құрылыс магнаты көпбалалы отбасыларға қайырымдылық жасаудан бас тартпақ. Сәтмағамбетовтің әрекетіне мәслихаттағы әріптестері үн қатқан жоқ."Мен, Ғабит Сәтмағамбетов қайырымдылық қорының иесі ретінде көпбалалы аналарға қандай да бір қайырымдылық көмек көрсетуді тоқтатамын. Олардың осындай қарым-қатынасынан кейін, менің көмектесуге деген ниетім қалмады. Кідіріс жасаймын деп шештім. Өздеріңіз таразыға салып көріңіздер. Көп рақмет!", - деп жазды мәслихат депутаты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1272/82/12728271_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_e79bb6f929b82217fb9bb8afed89e019.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, көпбалалы отбасы
депутат, көпбалалы отбасы
Депутат пен көпбалалы аналардың арасында болған жанжал желіде қызу талқыланды
Осы жағдайдан кейін құрылыс магнаты көпбалалы отбасыларға қайырымдылық жасаудан бас тартты
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, ірі құрылыс компаниясының басшысы көпбалалы аналарды балағаттады. Аяқ астынан дүрсе қоя берген әйелдердің қылығына Ғабит Сәтмағамбетов ашуланған көрінеді, деп хабарлады
КТК. Оқиға қала әкімдігінде болды. Жағдайын айтпақ болған аналарды тыңдаудың орнына бейәдеп сөз қайтарған.
- Вот-вот, еще один депутат сбежал. Сбежал. Сюда подойдите. Сюда. Сюда давай. Не надо себя так вести.
Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан бейнежазбаға қатысты мәслихат депутаты тек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді. Айтуынша, көпбалалы аналар әдейі арандатқан. Әйтпесе Ғабит Сәтмағамбетов сол әйелдерге көмектесуден кенде емес екен. Ол басқаратын құрылыс компаниясы қоғамның осы топ өкілдеріне бүгінгі күнге дейін 20 баспана сыйлапты. Ауру балалардан да ақша аямадым депті депутат.
Енді мына жағдайдан кейін құрылыс магнаты көпбалалы отбасыларға қайырымдылық жасаудан бас тартпақ. Сәтмағамбетовтің әрекетіне мәслихаттағы әріптестері үн қатқан жоқ.
"Мен, Ғабит Сәтмағамбетов қайырымдылық қорының иесі ретінде көпбалалы аналарға қандай да бір қайырымдылық көмек көрсетуді тоқтатамын. Олардың осындай қарым-қатынасынан кейін, менің көмектесуге деген ниетім қалмады. Кідіріс жасаймын деп шештім. Өздеріңіз таразыға салып көріңіздер. Көп рақмет!", - деп жазды мәслихат депутаты.