Видео

Бір топ қараторғай кешкі аспанда таңғаларлық "шоу" жасады – видео

Жазылу
Қараторғайлар әуеде таңғаларлықтай шоу жасай алады. Жұдырықтай құстың ерекше іс-қимылын видеодан көріңіз
Видеоны куәгер тасжол бойында өз көлігінде отырып түсірген. Онда аспанға қалықтап, бірдей әрі бір бағытта қимылдаған бір топ қараторғайдың әсерлі "биі" көрініс тапқан.
Құстар біресе жоғары көтеріліп, біресе лезде төмен қарай жүйтки жөнеледі. Олардың бірізді, үйлесімді қимылы вальс биін еске түсіреді.
Құстардың кешкі аспан астында топтасып ұшуы расында да көзтартарлық көрініс. Бұл қимылдың өз атауы бар. Ол "мурмурация" деп аталады және құстардың үлкен тобының үйлесімді ұшуын білдіреді. Қанаттылар өте жылдам ұшатынына қарамастан, бір-біріне соқтығысып қалмайтын арақашықтықты ұстанады.
Ғалымдар үшін бұл құбылыс әлі де құпия болып отыр. Алайда қараторғайлар осы әрекеті арқылы қанаттыларға тап беруге дайын тұратын жыртқыштарды үрейлендіруге тырысады деген болжам бар.
Жаңалықтар
0