https://sputnik.kz/20220212/almaty-qaru-zharaq-kudiktiler-22734263.html
Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен 3 адам ұсталды
Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен 3 адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ұсталғандардың бірі бұған дейін қарақшылық жасағаны үшін істі болғаны анықталды 12.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-12T15:22+0500
2022-02-12T15:22+0500
2023-08-10T11:52+0500
оқиға
алматы
дүкен
қару-жарақ
күдікті
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0c/22733380_30:377:1261:1070_1920x0_80_0_0_10e30bc9ffceafd790225b3c44e1805c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Полиция арнайы операция кезінде Алматыдағы қару-жарақ дүкенін тонауға қатысы бар деген күдікпен үш ер адамды қолға түсірді. Қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың айтуынша, оладан бес тегіс ұңғымалы қару тәркіленді. Күдіктінің екеуі – Алматы облысының тұрғыны. Үшіншісі – Жамбыл облысының тумасы және бұған дейін қарақшылық жасағаны үшін сотты болған. Ұсталғандардың жасы 22-24 аралығында. Екеуі Алматы облысының Қарасай ауданындағы арнайы операция кезінде қолға түскен. Тағы біреуі Алматыда Достық даңғылының бойындағы сауда үйінің жанында ұсталды. Тергеу сотының санкциясымен үшеуі де қамауға алынды. Қазір полиция күдіктілердің қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезіндегі басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Тәркіленген қару-жарақ сот-баллистикалық сараптамаға жолданды. Сотқа дейінгі тергеуді жүргізу Әуезов ауданының тергеушілеріне жүктелді. Әбдірахманов тергеу барысы мен қорытындысы қалалық полиция департаментінің бақылауында болатынын айтты.
https://sputnik.kz/20220205/almatyda-memlekettk-muzey-zhanynan-aru-arsenaly-tabyldy--video-22550164.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0c/22733380_38:172:1254:1084_1920x0_80_0_0_cc15fe71e03f62d7f9c85f5e5612dedf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, дүкен, қару-жарақ, күдікті
алматы, дүкен, қару-жарақ, күдікті
Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен 3 адам ұсталды
15:22 12.02.2022 (жаңартылды: 11:52 10.08.2023) Ұсталғандардың бірі бұған дейін қарақшылық жасағаны үшін істі болғаны анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Полиция арнайы операция кезінде Алматыдағы қару-жарақ дүкенін тонауға қатысы бар деген күдікпен үш ер адамды қолға түсірді.
Қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың айтуынша, оладан бес тегіс ұңғымалы қару тәркіленді.
Күдіктінің екеуі – Алматы облысының тұрғыны. Үшіншісі – Жамбыл облысының тумасы және бұған дейін қарақшылық жасағаны үшін сотты болған.
Ұсталғандардың жасы 22-24 аралығында. Екеуі Алматы облысының Қарасай ауданындағы арнайы операция кезінде қолға түскен. Тағы біреуі Алматыда Достық даңғылының бойындағы сауда үйінің жанында ұсталды.
Тергеу сотының санкциясымен үшеуі де қамауға алынды. Қазір полиция күдіктілердің қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезіндегі басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Тәркіленген қару-жарақ сот-баллистикалық сараптамаға жолданды.
Сотқа дейінгі тергеуді жүргізу Әуезов ауданының тергеушілеріне жүктелді. Әбдірахманов тергеу барысы мен қорытындысы қалалық полиция департаментінің бақылауында болатынын айтты.