https://sputnik.kz/20220211/zhenildetilgen-avtokredit-ministrlik-eki-nusqany-qarastyryp-zhatyr-22723027.html
Жеңілдетілген автокредит: министрлік екі нұсқаны қарастырып жатыр
Жеңілдетілген автокредит: министрлік екі нұсқаны қарастырып жатыр
Sputnik Қазақстан
Кредит беру шарттарын 2015 жылдан бастап іске қосылған ескі бағдарламалармен бірдей етіп қалдыру ұсынылып отыр 11.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-11T19:33+0500
2022-02-11T19:33+0500
2022-02-11T19:34+0500
экономика
кредит
автокөлік
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17446176_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_ec945b3c49a26ba6d4eb7622a4a20dab.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан уәкілетті мемлекеттік органдар жеңілдікпен автокредиттеудің жаңа бағдарламасын әзірлеу кезінде 2 нұсқаны қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Омархан бұл жөнінде өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. Ол жеңілдікпен автокредиттеудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу барысы туралы айтылған ақпараттың БАҚ-та сәл бұрмаланып берілуі осы посты жазуға итермелегенін атап өтті.Атап айтқанда, оның айтуынша, Хисамутдинов айтқан "ұсынылады", "әзірленеді" және "пысықталады" сөздерінің орнына авторлар "болады", "ерекшеленеді" сияқты сөздерді қолданған. Осылайша оқырмандар мен көрермендер жеңілдікпен автокредиттеудің жаңа бағдарламасы жасалып, жақын арада іске қосылады деп қате ойлап қалуы мүмкін."Яғни, әлі зерттеліп, пысықталып жатқан бастамалар қазірдің өзінде қабылданған шешім ретінде жеткізілген. Осыған байланысты қазір уәкілетті мемлекеттік органдар жеңілдікпен автокредиттеудің жаңа бағдарламаларының 2 нұсқасын қарастырып жатқанын айтқым келеді. Бірінші нұсқада жеңілдікті несиелеуге 4 жылға (бірінші жылға – 30 миллиард) бөлінген 150 миллиард теңге (БАҚ-та айтылғандай 250 миллиард емес) бағыттау қарастырылуда. Кредит беру шарттарын 2015 жылдан іске қосылған ескі бағдарламалармен бірдей етіп қалдыру ұсынылып отыр", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің баспасөз хатшысы.Екінші ұсынылып отырған нұсқа халықтың әлеуметтік осал топтарына бастапқы жарнасыз кредит беруді қарастырады. Бұған дейін премьер-министр атап өткендей, оған "ӨКМ операторы" компаниясында жиналған қаражаттан шамамен 100 миллиард теңге бөлу ұсынылады.Сондай-ақ, Жанжігіт Омархан бір адамға берілетін кредит шегін 7 миллион теңге қылу бастамасы талқыланып жатыр. Бұл ұсыныс қабылдана ма, жоқ па, ол жағы экономикалық тиімділігі мен мақсатына байланысты айқындалады."Қалай болғанда да, екі нұсқа да қазіргі уақытта межесіне жеткен жоқ. Олар ИИДМ ұсынған түрде қабылданбауы да мүмкін. Сондықтан нақты шешімдер туралы айтуға әлі ерте. Жалпы алғанда, 2022 жылы барлық құжаттық және заңдық процестер аяқталғанда жеңілдікпен автокредиттеудің жаңа бағдарламасы іске қосылады", - деп түйіндеді баспасөз хатшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17446176_112:0:2841:2047_1920x0_80_0_0_7cf67989b05b002ea144b2771e2183e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, автокөлік
Жеңілдетілген автокредит: министрлік екі нұсқаны қарастырып жатыр
19:33 11.02.2022 (жаңартылды: 19:34 11.02.2022) Кредит беру шарттарын 2015 жылдан бастап іске қосылған ескі бағдарламалармен бірдей етіп қалдыру ұсынылып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан уәкілетті мемлекеттік органдар жеңілдікпен автокредиттеудің жаңа бағдарламасын әзірлеу кезінде 2 нұсқаны қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Омархан бұл жөнінде өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. Ол жеңілдікпен автокредиттеудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу барысы туралы айтылған ақпараттың БАҚ-та сәл бұрмаланып берілуі осы посты жазуға итермелегенін атап өтті.
"ИИДМ Автомобиль жасау басқармасының басшысы Руслан Хисамутдинов "Хабар" телеарнасына сұхбат беріп, жеңілдікпен автокредиттеудің жаңа бағдарламаларының жобалары туралы әңгімелеп берді. Осы сұхбат негізінде kolesa.kz порталы "Жеңілдікпен автокредиттеудің жаңа бағдарламасы. Алғашқы мәліметтер" деген тақырыппен материал жариялап, кейін ол өзге де ақпарат құралдарында таратылды. Бұл ретте бастапқы ақпарат сәл бұрмаланған", - деп жазды Омархан.
Атап айтқанда, оның айтуынша, Хисамутдинов айтқан "ұсынылады", "әзірленеді" және "пысықталады" сөздерінің орнына авторлар "болады", "ерекшеленеді" сияқты сөздерді қолданған. Осылайша оқырмандар мен көрермендер жеңілдікпен автокредиттеудің жаңа бағдарламасы жасалып, жақын арада іске қосылады деп қате ойлап қалуы мүмкін.
"Яғни, әлі зерттеліп, пысықталып жатқан бастамалар қазірдің өзінде қабылданған шешім ретінде жеткізілген. Осыған байланысты қазір уәкілетті мемлекеттік органдар жеңілдікпен автокредиттеудің жаңа бағдарламаларының 2 нұсқасын қарастырып жатқанын айтқым келеді. Бірінші нұсқада жеңілдікті несиелеуге 4 жылға (бірінші жылға – 30 миллиард) бөлінген 150 миллиард теңге (БАҚ-та айтылғандай 250 миллиард емес) бағыттау қарастырылуда. Кредит беру шарттарын 2015 жылдан іске қосылған ескі бағдарламалармен бірдей етіп қалдыру ұсынылып отыр", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің баспасөз хатшысы.
Екінші ұсынылып отырған нұсқа халықтың әлеуметтік осал топтарына бастапқы жарнасыз кредит беруді қарастырады. Бұған дейін премьер-министр атап өткендей, оған "ӨКМ операторы" компаниясында жиналған қаражаттан шамамен 100 миллиард теңге бөлу ұсынылады.
Сондай-ақ, Жанжігіт Омархан бір адамға берілетін кредит шегін 7 миллион теңге қылу бастамасы талқыланып жатыр. Бұл ұсыныс қабылдана ма, жоқ па, ол жағы экономикалық тиімділігі мен мақсатына байланысты айқындалады.
"Қалай болғанда да, екі нұсқа да қазіргі уақытта межесіне жеткен жоқ. Олар ИИДМ ұсынған түрде қабылданбауы да мүмкін. Сондықтан нақты шешімдер туралы айтуға әлі ерте. Жалпы алғанда, 2022 жылы барлық құжаттық және заңдық процестер аяқталғанда жеңілдікпен автокредиттеудің жаңа бағдарламасы іске қосылады", - деп түйіндеді баспасөз хатшысы.