https://sputnik.kz/20220211/toqaev-tatarstan-prezidenti-qazan-kremli-22714253.html
Тоқаев Татарстан президентімен Қазан Кремлін аралады
Тоқаев Татарстан президентімен Қазан Кремлін аралады
Sputnik Қазақстан
Бірегей тарихи кешен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларының тізіміне енген 11.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-11T15:00+0500
2022-02-11T15:00+0500
2022-02-11T15:00+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
кремль
татарстан
президент
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0b/22713205_0:0:3333:1876_1920x0_80_0_0_cde3b8e6840c2f25a5fa4058f2ead898.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарының екінші күні Қазан қаласында болды, деп хабарлайды Ақорда.Тоқаев ең алдымен "Қазан Кремлі" мемлекеттік тарихи-архитектуралық және көркем музей-қорығын аралады. Ондағы көрікті жерлерді Қазақстан президентіне Татарстан басшысы Рустам Минниханов таныстырды.Минниханов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларының тізіміне енген осы бірегей тарихи кешен туралы әңгімелеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлі аумағындағы "Құл Шариф" мешіті мен Благовещенский соборын аралап көрді.Мешітте Татарстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллин Құран оқыды.Благовещенский соборында Қазақстан президенті Қазан және Татарстан митрополиті Кириллді биыл елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға шақырды."Құл Шариф" мешіті Қазан хандығының әйгілі ескерткіші – XVI ғасырдың екінші жартысына дейін бұзылмай тұрған көне соборлы мешітті еске алу мақсатымен 2005 жылы Татарстанның тұңғыш трезиденті Минтимер Шаймиевтің жарлығына сәйкес салынған және оның атауы имам Құл Шарифтің құрметіне қойылған.Благовещенский соборының іргетасы 1552 жылы орыс патшасы IV Иван Грозныйдың жарлығымен қаланған.
https://sputnik.kz/20220211/toqaev-kazan-keldi-22696661.html
татарстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0b/22713205_406:0:3137:2048_1920x0_80_0_0_515d631c4a48f0d8672c34405f0c5665.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, кремль, татарстан, президент
қасым-жомарт тоқаев, кремль, татарстан, президент
Тоқаев Татарстан президентімен Қазан Кремлін аралады
Бірегей тарихи кешен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларының тізіміне енген
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарының екінші күні Қазан қаласында болды, деп хабарлайды
Ақорда. Тоқаев ең алдымен "Қазан Кремлі" мемлекеттік тарихи-архитектуралық және көркем музей-қорығын аралады. Ондағы көрікті жерлерді Қазақстан президентіне Татарстан басшысы Рустам Минниханов таныстырды.
Минниханов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларының тізіміне енген осы бірегей тарихи кешен туралы әңгімелеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлі аумағындағы "Құл Шариф" мешіті мен Благовещенский соборын аралап көрді.
Мешітте Татарстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллин Құран оқыды.
Благовещенский соборында Қазақстан президенті Қазан және Татарстан митрополиті Кириллді биыл елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға шақырды.
"Құл Шариф" мешіті Қазан хандығының әйгілі ескерткіші – XVI ғасырдың екінші жартысына дейін бұзылмай тұрған көне соборлы мешітті еске алу мақсатымен 2005 жылы Татарстанның тұңғыш трезиденті Минтимер Шаймиевтің жарлығына сәйкес салынған және оның атауы имам Құл Шарифтің құрметіне қойылған.
Благовещенский соборының іргетасы 1552 жылы орыс патшасы IV Иван Грозныйдың жарлығымен қаланған.