Экономика

"ҚазМұнайГаз" бен "Татнефть" бірлескен жобалардың жол картасына қол қойды

© AP Photo / Tony GutierrezМұнай өндіріліп жатыр
Мұнай өндіріліп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2022
Жазылу
Келісімге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Татарстан мұнай компаниясының нысандарына сапары барысында қол қойылды
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нижнекамск қаласындағы "Татнефть" мұнай өңдеу кешенінде болды, деп хабарлады РИА Новости.
"Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Татнефть" компаниясының әлеуеті және Қазақстан компанияларымен одан әрі ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері таныстырылды. Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов, Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, "Татнефть" компаниясының бас директоры Наиль Маганов және "Танеко" компаниясының бас директоры Илшат Салахов жүрді", - делінген хабарламада.
"KamaTyresKZ" кәсіпорны ("Татнефть" және "AllurTyres" бірлескен еншілес кәсіпорны) құрылып, жеңіл жүк және жүк көліктерінің дөңгелектерін шығаратын зауыт салынып жатқаны аталып өтті. Өнім Қазақстанның ішкі және сыртқы нарығына жеткізіледі.
Сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" компаниясымен мұнай кен орындарын геологиялық барлау және игеру саласында бірлескен жобаларды әзірлеу туралы келісімдер мен жол карталарына қол қойылды.
Сонымен қатар Қазақстан өкілдері "Танеко" заманауи мұнай өңдеу зауыттары кешенінің қызметімен танысты.
Өңдеу нәтижесінде "Татнефть" металл бұйымдарын өндірумен салыстырғанда көміртегі қалдығын 6 есе азайтатын шыны талшықты бұйымдарды жасайды.
Сондай-ақ жиында Әлмәт мемлекеттік мұнай институты мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының геологиялық барлау колледжі, сондай-ақ "Татнефть" кәсіпорны мен колледж арасындағы келісімдерге қол қойылды.
Тоқаев сапарының қорытындысы бойынша Ресей мен Қазақстанның Еуразиялық экономикалық серіктестігін нығайтуға ықпал ететін өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылады.
Жаңалықтар
0