Қоғам

Өскеменде түнгі клуб маңында жасалған қылмыс видеоға түсіп қалды

© Photo : СС0 Ди-джей в ночном клубе
Ди-джей в ночном клубе - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2022
Жазылу
Жәбірленуші мен күдікті көңіл көтеру мекемесінде танысқан
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында түнгі клубта танысқан әйелді тонап кеткен ер адам ұсталды.
Оқиға Өскемен қаласында түнгі уақытта болған. Полицияға 44 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Айтуынша, түнгі клубтың алдында ер адам ішіне ақша салынған пакетті қолынан жұлып алып, белгісіз бағытта ізін жасырған.
Жедел іздестіру шаралары барысында патрульдік жасақ бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтады. Ол облыс орталығының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты.
"Полицейлер қарақшыны "ізін суытпай" қолға түсірді. Күдікті ұрлаған ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген. Ұсталған азамат мас болған. Ол кінәсін мойындады, заттай айғақтар жартылай қайтарылды", - деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Анықталғандай, жәбірленуші мен күдікті көңіл көтеру мекемесінде танысқан.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы 1-бөлігі (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
0