https://sputnik.kz/20220211/nur-sultan-kolik-kapoty-zhigitter-22719785.html
Нұр-Сұлтанда көлік капотына мініп, видео түсірген жігіттер ұсталды
Нұр-Сұлтанда көлік капотына мініп, видео түсірген жігіттер ұсталды
Sputnik Қазақстан
Жол ережесін өрескел бұзған жігіттер әлеуметтік желіде бейнеролик жариялаған 11.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-11T17:58+0500
2022-02-11T17:58+0500
2022-02-11T17:58+0500
қоғам
көлік
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0f/15202235_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_6d656d0fe2873a2514d1fc262783a43d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жүріп бара жатқан автокөліктің капотына мініп, трюк жасаған жігіттер ұсталды.Полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жігіттерді әлеуметтік желіде жарияланған бейнеролик арқылы тапқан, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.Бұзақылар полицияға жеткізілді. Олар 18-19 жастағы бозбалалар.Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 593-бабы 1-тармағы "Жолаушылар мен жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау" бойынша жауапкершілікке тартылды.Ал "капоттағы жолаушыға" қатысты ӘҚБК 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен оған 10 АЕК (30 630 теңге – Sputnik) айыппұл салынды.Елорда полициясы жүргізушілерді қоғамдық тәртіпті бұзбауға, жол ережесін қатаң сақтап, басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтірмеуге шақырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0f/15202235_441:0:3172:2048_1920x0_80_0_0_6dd143d5254c8edac202c51b007ccb0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік
Нұр-Сұлтанда көлік капотына мініп, видео түсірген жігіттер ұсталды
Жол ережесін өрескел бұзған жігіттер әлеуметтік желіде бейнеролик жариялаған
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жүріп бара жатқан автокөліктің капотына мініп, трюк жасаған жігіттер ұсталды.
Полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жігіттерді әлеуметтік желіде жарияланған бейнеролик арқылы тапқан, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Бұзақылар полицияға жеткізілді. Олар 18-19 жастағы бозбалалар.
Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 593-бабы 1-тармағы "Жолаушылар мен жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау" бойынша жауапкершілікке тартылды.
Ал "капоттағы жолаушыға" қатысты ӘҚБК 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен оған 10 АЕК (30 630 теңге – Sputnik) айыппұл салынды.
Елорда полициясы жүргізушілерді қоғамдық тәртіпті бұзбауға, жол ережесін қатаң сақтап, басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтірмеуге шақырды.