https://sputnik.kz/20220211/mysyqty-tepken-sportshy-video-22703307.html
Мысықты тепкен спортшының басы дауға қалды - видео
Мысықты тепкен спортшының басы дауға қалды - видео
Sputnik Қазақстан
Спортшы өзінің әрекетіне өкініп отыр. Ірі көлемдегі айыппұлды жануарлар құқығын қорғау ұйымдарына жіберді 11.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-11T10:16+0500
2022-02-11T10:16+0500
2022-02-11T11:45+0500
әлем
спортшы
мысық
https://sputnik.kz/img/960/17/9601700_0:0:1199:674_1920x0_80_0_0_ae3da323fe3403a66111d8efa13a27cd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. Желіде англиялық "Вест Хэм Юнайтед" футбол клубының қорғаушысы Курт Зуманың мысығын тепкен видео пайда болды.Ролик көпшіліктің наразылығын тудырды. Салдарынан Зума ірі келісімшарттардан айырылып, 250 мың фунт стерлинг (145 миллион теңгеге жуық) айыппұл төледі. Сонымен қатар, Францияда футболшы төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Daily Mail.БАҚ-тың хабарлауынша, Курт Зума бенгал мысығын ұрып-соғып жатқан видеоны ағасы жариялады. Болжам бойынша, Зума мысықты сынған ваза үшін жазалаған. Әрине, барлық қатысушыларға футболшының бұл әрекеті күлкілі болып көрінген.Алайда желіде жануарға қатысты зорлық-зомбылық кадрлары кері пікір тудырды. Британдық корольдік жануарларды қорғау қоғамы (RSPCA) спортшының екі мысығын да алып қойып, оқиғаға қатысты жеке тергеу жүргізуде. Жануарларды ветеринарлар тексеріп, олардың денсаулығына ештеңе қауіп төнбейтінін айтты."Вест Хэм Юнайтед" аптасына 125 мың фунт стерлинг табатын спортшының екі апталық жалақысын қысқартты, сонымен қатар оны алдағы матчтардан шеттетті.Сонымен қатар, Adidas компаниясы ойыншымен келісімшартты бұзатынын хабарлады.
https://sputnik.kz/20220208/latviyalyq-sportshy-olimpiada-22619901.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/960/17/9601700_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_984cd6f40e0eeee3f943f4bebb492694.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
спортшы, мысық
Мысықты тепкен спортшының басы дауға қалды - видео
10:16 11.02.2022 (жаңартылды: 11:45 11.02.2022) Спортшы өзінің әрекетіне өкініп отыр. Ірі көлемдегі айыппұлды жануарлар құқығын қорғау ұйымдарына жіберді
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. Желіде англиялық "Вест Хэм Юнайтед" футбол клубының қорғаушысы Курт Зуманың мысығын тепкен видео пайда болды.
Ролик көпшіліктің наразылығын тудырды. Салдарынан Зума ірі келісімшарттардан айырылып, 250 мың фунт стерлинг (145 миллион теңгеге жуық) айыппұл төледі. Сонымен қатар, Францияда футболшы төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Daily Mail.
БАҚ-тың хабарлауынша, Курт Зума бенгал мысығын ұрып-соғып жатқан видеоны ағасы жариялады. Болжам бойынша, Зума мысықты сынған ваза үшін жазалаған. Әрине, барлық қатысушыларға футболшының бұл әрекеті күлкілі болып көрінген.
Алайда желіде жануарға қатысты зорлық-зомбылық кадрлары кері пікір тудырды. Британдық корольдік жануарларды қорғау қоғамы (RSPCA) спортшының екі мысығын да алып қойып, оқиғаға қатысты жеке тергеу жүргізуде. Жануарларды ветеринарлар тексеріп, олардың денсаулығына ештеңе қауіп төнбейтінін айтты.
"Вест Хэм Юнайтед" аптасына 125 мың фунт стерлинг табатын спортшының екі апталық жалақысын қысқартты, сонымен қатар оны алдағы матчтардан шеттетті.
Сонымен қатар, Adidas компаниясы ойыншымен келісімшартты бұзатынын хабарлады.