https://sputnik.kz/20220211/meditsinalyq-anyqtama-zhogaltqan-22699046.html
Медициналық анықтаманы жоғалтқан әйел алаяқтардың құрбанына айналды
Медициналық анықтаманы жоғалтқан әйел алаяқтардың құрбанына айналды
Sputnik Қазақстан
Әйелдің атына онлайн несие рәсімделген 11.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-11T08:44+0500
2022-02-11T08:44+0500
2022-02-11T08:44+0500
қоғам
алаяқ
https://sputnik.kz/img/1202/48/12024898_72:0:3713:2048_1920x0_80_0_0_850bd854baa0dc69871b44e7f034cbed.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Петропавл қаласында медициналық анықтаманы жоғалтқан әйел алаяқтардың құрбанына айналды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Криминалдық полиция басқармасының басшысы Марат Жұмалиевтің айтуынша, келіншек онлайн кредиттің бар екенін сот орындаушыларынан білген. Қарызды төлеу мерзімін өтіп кеткендіктен, сот орындаушы берешекті өндіріп алу шараларын бастап кеткен. Шұғыл іздестіру шаралары барысында 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Ер адам Петропавл қаласындағы аурухананың жанынан өтіп бара жатып, жерде жатқан медициналық анықтаманы көрген. Құжатта белгісіз әйелдің жеке мәліметтері болды. Айтуынша, ол интернет арқылы онлайн кредит алып көрген. Бірнеше қаржы ұйымы займ бермеген. Ал біреуі оң шешім шығарып, ер адамның банк картасына ақша жіберген. Осы орайда тәртіп сақшылары жеке мәліметтері бар құжаттарды лақтырмауға кеңес берді. "Адамдар банкоматтан ақша алғанда және терминал арқылы төлем жасаған кезде көп жағдайда чек пен түбіртектерді тастап кетеді. Олай істеуге болмайды. Себебі чекте телефон нөмірі, ЖСН, соңғы аударымның сомасы, шотқа түскен ақша және тағы басқа деректер көрсетіледі. Алаяқтың оны пайдаланып кетуі мүмкін", - деп атап көрсетті Жұмалиев. Ресми мәліметке сәйкес, интернет қылмыстарының саны жыл сайын, шамамен, екі есеге өсіп отырады.Мәселен, 2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 782 қылмыс тіркелсе, биыл қаңтар айында ғана инетрнет арқылы 54 алаяқтық жасалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1202/48/12024898_527:0:3258:2048_1920x0_80_0_0_254c0d0354c79d8bdb7b9af8b8438e62.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ
Медициналық анықтаманы жоғалтқан әйел алаяқтардың құрбанына айналды
Әйелдің атына онлайн несие рәсімделген
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Петропавл қаласында медициналық анықтаманы жоғалтқан әйел алаяқтардың құрбанына айналды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Криминалдық полиция басқармасының басшысы Марат Жұмалиевтің айтуынша, келіншек онлайн кредиттің бар екенін сот орындаушыларынан білген.
Қарызды төлеу мерзімін өтіп кеткендіктен, сот орындаушы берешекті өндіріп алу шараларын бастап кеткен.
"50 мың теңгенің кредиті Қазақстанда тіркелген микроқаржы ұйымдарының бірінде рәсімделген. Арыз түсірген әйел кредит алмағанын және жеке мәліметтерін ешкімге бермегенін айтты", - дейді Жұмалиев.
Шұғыл іздестіру шаралары барысында 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.
Ер адам Петропавл қаласындағы аурухананың жанынан өтіп бара жатып, жерде жатқан медициналық анықтаманы көрген. Құжатта белгісіз әйелдің жеке мәліметтері болды.
Айтуынша, ол интернет арқылы онлайн кредит алып көрген. Бірнеше қаржы ұйымы займ бермеген. Ал біреуі оң шешім шығарып, ер адамның банк картасына ақша жіберген.
Осы орайда тәртіп сақшылары жеке мәліметтері бар құжаттарды лақтырмауға кеңес берді.
"Адамдар банкоматтан ақша алғанда және терминал арқылы төлем жасаған кезде көп жағдайда чек пен түбіртектерді тастап кетеді. Олай істеуге болмайды. Себебі чекте телефон нөмірі, ЖСН, соңғы аударымның сомасы, шотқа түскен ақша және тағы басқа деректер көрсетіледі. Алаяқтың оны пайдаланып кетуі мүмкін", - деп атап көрсетті Жұмалиев.
Ресми мәліметке сәйкес, интернет қылмыстарының саны жыл сайын, шамамен, екі есеге өсіп отырады.
Мәселен, 2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 782 қылмыс тіркелсе, биыл қаңтар айында ғана инетрнет арқылы 54 алаяқтық жасалды.