https://sputnik.kz/20220211/kopbalany-analar-video-22703844.html
"Көмектеспеймін": көпбалалы аналардың шабуылына тап болған депутат мәлімдеме жасады
"Көмектеспеймін": көпбалалы аналардың шабуылына тап болған депутат мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Мәслихат отырысына кетіп бара жатқан депутатқа көпбалалы аналар тап беріп, дөрекі сөздер айтқан. Депутат та қарап қалмады 11.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-11T10:34+0500
2022-02-11T10:34+0500
2023-08-10T11:53+0500
қоғам
елорда
депутат
көпбалалы отбасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0b/22700941_0:24:2407:1377_1920x0_80_0_0_623a54cc89966dbeca9e4f8b9585e9d8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Астаналық мәслихаттың депутаты Ғабит Сатмағамбетов әкімдіктің кіреберісінде көпбалалы аналармен сөзге келіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, оқиғаның мән-жайын түсіндірді.Айтуынша, ол мәслихат отырысына асығып бара жатқан. Сол кезде әкімдіктің кіреберісінде бірнеше көпбалалы анамен ұшырасып қалады. "Міне, қараңыз, тағы бір депутат қашып барады. Мында келіңіз, мында келіңіз!", - дейді олар. Депутат олардан не үшін айқайлап тұрғанын сұрайды. Алайда әйелдер сабырға келмей, тағы айқайлайды. Сатмағамбетов те "Идите, в з...у " деп дөрекі жауап беріп, қолын бір сілтеп, кетіп қалады. Көпбалалы аналардың атынан шығып жүрген әйел ашуланып: "Ей, сен қалай сөйлейсің?! Біз жарайды этикасы жоқ адамдармыз, ал сен білдей депутатсың", - дейді.Сатмағамбетовтың айтуынша, мәслихат депутаттығы ақылы қызмет емес, қоғамдық жұмыс болған соң ол үшін жалақы төленбейді. Ал мәслихат отырысынан кейін кіреберісте тұрған адамдар жиі соқтығысып, сан алуан проблемаларын айтады. Атйуынша, осы жолы әйелдер арандатушылыққа барған. "Арандатушылыққа қаспын, біржақты талаптарды ұнатпаймын, әсіресе тіл тигізетіндерді. Біреу желкеден қойып қалса, тура солай жауап беремін. Адекватты адам біреудің айыптауына, тіл тигізуіне, қорқытуына, тіпті, қарғыс айтуына қалай жауап беруі керек? Ашуған мінген түсініксіз бір әйелдер тобы әкімдікте жанжал шығарды", – деп жазды Сатмағамбетов.Ол құрылыс компаниясының басшысы ретінде көпбалалы отбасыларға 20 пәтер сыйлағанын да еске салды. Сондай-ақ, өзінің қайырымдылық қоры арқылы үнемі материалдық көмек жасап отыратынын атап өтті. Ал осы оқиғадан кейін көпбалалы аналарға көмек беруді тоқтатататыны мәлімдеді. "Бүгінгі оқиға жеке ұстанымды қайта қарап, көмекке мұқтаж адамдарды мұқият бағалауға итермелеп отыр. Сондықтан дәл қазір ресми түрде мәлімдеме жасаймын. Мен, Ғабит Сатмағамбетов, қайырымдылық қорының иесі ретінде көпбалалы аналарға қатысты кез келген көмекті тоқтатамын. Бүгінге дейін біраз көмек бердік. Бірақ саған жаңағыдай қарайды. Ондайда көмек беруге ешқандай ниет болмайды екен", - дейді Сатмағамбетов. Ғабит Сатмағамбетов 2021 жылы қаңтар айында жетінші шақырылымның депутаты болды. Құрылыс, экология, көлік, сауда мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелесі жөніндегі мәслихат комиссиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0b/22700941_0:0:2407:1805_1920x0_80_0_0_fcfb0f61d4f61041333128a04b0a141a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елорда, депутат, көпбалалы отбасы
елорда, депутат, көпбалалы отбасы
"Көмектеспеймін": көпбалалы аналардың шабуылына тап болған депутат мәлімдеме жасады
10:34 11.02.2022 (жаңартылды: 11:53 10.08.2023) Мәслихат отырысына кетіп бара жатқан депутатқа көпбалалы аналар тап беріп, дөрекі сөздер айтқан. Депутат та қарап қалмады
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Астаналық мәслихаттың депутаты Ғабит Сатмағамбетов әкімдіктің кіреберісінде көпбалалы аналармен сөзге келіп қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
Айтуынша, ол мәслихат отырысына асығып бара жатқан. Сол кезде әкімдіктің кіреберісінде бірнеше көпбалалы анамен ұшырасып қалады.
"Міне, қараңыз, тағы бір депутат қашып барады. Мында келіңіз, мында келіңіз!", - дейді олар.
Депутат олардан не үшін айқайлап тұрғанын сұрайды. Алайда әйелдер сабырға келмей, тағы айқайлайды. Сатмағамбетов те "Идите, в з...у " деп дөрекі жауап беріп, қолын бір сілтеп, кетіп қалады.
Көпбалалы аналардың атынан шығып жүрген әйел ашуланып: "Ей, сен қалай сөйлейсің?! Біз жарайды этикасы жоқ адамдармыз, ал сен білдей депутатсың", - дейді.
Сатмағамбетовтың айтуынша, мәслихат депутаттығы ақылы қызмет емес, қоғамдық жұмыс болған соң ол үшін жалақы төленбейді. Ал мәслихат отырысынан кейін кіреберісте тұрған адамдар жиі соқтығысып, сан алуан проблемаларын айтады. Атйуынша, осы жолы әйелдер арандатушылыққа барған.
"Арандатушылыққа қаспын, біржақты талаптарды ұнатпаймын, әсіресе тіл тигізетіндерді. Біреу желкеден қойып қалса, тура солай жауап беремін. Адекватты адам біреудің айыптауына, тіл тигізуіне, қорқытуына, тіпті, қарғыс айтуына қалай жауап беруі керек? Ашуған мінген түсініксіз бір әйелдер тобы әкімдікте жанжал шығарды", – деп жазды Сатмағамбетов.
Ол құрылыс компаниясының басшысы ретінде көпбалалы отбасыларға 20 пәтер сыйлағанын да еске салды. Сондай-ақ, өзінің қайырымдылық қоры арқылы үнемі материалдық көмек жасап отыратынын атап өтті. Ал осы оқиғадан кейін көпбалалы аналарға көмек беруді тоқтатататыны мәлімдеді.
"Бүгінгі оқиға жеке ұстанымды қайта қарап, көмекке мұқтаж адамдарды мұқият бағалауға итермелеп отыр. Сондықтан дәл қазір ресми түрде мәлімдеме жасаймын. Мен, Ғабит Сатмағамбетов, қайырымдылық қорының иесі ретінде көпбалалы аналарға қатысты кез келген көмекті тоқтатамын. Бүгінге дейін біраз көмек бердік. Бірақ саған жаңағыдай қарайды. Ондайда көмек беруге ешқандай ниет болмайды екен", - дейді Сатмағамбетов.
Ғабит Сатмағамбетов 2021 жылы қаңтар айында жетінші шақырылымның депутаты болды. Құрылыс, экология, көлік, сауда мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелесі жөніндегі мәслихат комиссиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүр.