https://sputnik.kz/20220211/atyrau-auyldas-ayuandyq-22694231.html
Атырауда бір топ адам ауылдасын айуандықпен өлтірген
Атырауда бір топ адам ауылдасын айуандықпен өлтірген
Sputnik Қазақстан
30 жастағы азаматты аяусыз соққыға жыққан сегіз адамға қатысты сот отырысы басталды 11.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-11T07:03+0500
2022-02-11T07:03+0500
2022-02-11T07:03+0500
өңірлер
атырау
қылмыс
https://sputnik.kz/img/473/90/4739049_0:0:2771:1558_1920x0_80_0_0_5b57a2b2cb368cb0b1b6496900339aa4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Индер ауданы Есбол ауылының 30 жастағы тұрғыны Азамат Қалбағатаевтың өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлады "Ақжайық".Қайғылы жағдай былтыр 8 тамызда болған. Азамат Қалбағаевты бір топ жігіт алдап шақырып, ауыл шетіне алып кеткен. Ол жерде темір арматураны қолданып, асқан қатыгездікпен қанжоса қылып сабаған. Аяқ-қолы сынып, басы жарылған.Азаматты ауыл адамдары тауып алып, ауруханаға апарған. Бірақ жігіт есін жимастан аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру") бойынша тергеліп, сотқа жіберілді. Айып орындығында 8 адам отыр. Олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/473/90/4739049_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_7870e808da781acace7889150e7ba538.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, қылмыс
Атырауда бір топ адам ауылдасын айуандықпен өлтірген
30 жастағы азаматты аяусыз соққыға жыққан сегіз адамға қатысты сот отырысы басталды
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Индер ауданы Есбол ауылының 30 жастағы тұрғыны Азамат Қалбағатаевтың өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлады
"Ақжайық". Қайғылы жағдай былтыр 8 тамызда болған. Азамат Қалбағаевты бір топ жігіт алдап шақырып, ауыл шетіне алып кеткен. Ол жерде темір арматураны қолданып, асқан қатыгездікпен қанжоса қылып сабаған. Аяқ-қолы сынып, басы жарылған.
Азаматты ауыл адамдары тауып алып, ауруханаға апарған. Бірақ жігіт есін жимастан аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмады.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру") бойынша тергеліп, сотқа жіберілді.
Айып орындығында 8 адам отыр. Олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.