https://sputnik.kz/20220211/akim-orynbasary-zhurgizushisi-zhaza-22701183.html
"Әкемді қағып өлтірді": әкім орынбасарының жүргізушісі жазадан құтылып кетті
"Әкемді қағып өлтірді": әкім орынбасарының жүргізушісі жазадан құтылып кетті
Sputnik Қазақстан
Ер адам амнистияға ілігіп, жазадан толығымен босатылды. Оның жүргізуші куәлігін де алып қоймады 11.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-11T09:37+0500
2022-02-11T09:37+0500
2022-02-11T09:37+0500
өңірлер
әкім орынбасары
жаза
жүргізуші
https://sputnik.kz/img/656/52/6565272_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_f8f8fa3c4ca62669f2d8482ef9b76f97.jpg
КӨКШЕТАУ, 11 ақпан – Sputnik. Ақмола облысындағы Жақсы ауылының тұрғыны әлеуметтік желіде жазба жариялап, полиция департаменті мен прокуратураға үндеу жолдады. Ер адам көмек сұрап отыр.Оның әкесін аудан әкімі орынбасарының көлік жүргізушісі қағып өлтірген. Алайда ешқандай жазаға тартылмаған Өйткені амнистияға ілігіп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оны әкесінің қазасынан кейін тағы бір жайт есеңгіретіп тастаған. Қайғылы оқиғаға себепкер болған көлік жүргізушісі толығымен жазадан босатылды. "Екі айдан кейін Е.Базыловқа қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларының тоқтатылғаны туралы қаулы келді. Оған аудандық полиция бөлімшесінің бастығы Д.Т. Ишамбеков пен прокурор Е.К. Торсықбаев қол қойған. Ал тергеуші Абдуахитов қаулы Тәуелсіздіктің 30 жылдағына арналған амнистия негігзнде шығарылғанын айтты", - деп атап көрсетті Клименко. Ер адамға қатысты ешқандай шара қолданылған жоқ. Тіпті, жүргізуші куәлігінен де айырмаған."Бұл біздің мемлекетімізде адамды қағып өлтіріп, артынан жазадан толығымен құтылуға болады деген сөз бе? Басқа көліктің рөліне отыра саласың. Бәлкім, ол қылмыс тағы қайталанады. Облыс прокуроры мен полиция департаменті басшысын осы істің мән-жайын анықтап, маған заң бойынша жауап беруді сұраймын", - дейді Марат Клименко.Ақмола облыстық полиция департаменті қайғылы оқиға болғанын және кінәлі адамның жазадан босатылғанын растады. "2021 жылы 2 желтоқсанда "Киа" маркалы көлікті басқарған Е.Е.Базылов Жақсы ауылында Гагарин көшесімен келе жатып, жаяу жүргінші Н.Клименконы соққан. Ол алған жарақатынан қайтыс болды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған. 2021 жылы 8 желтоқсанда "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы" заң қабылданды", - дейді департамент мамандары. Жаяу жүргіншінің өліміне әкеліп соққан көлік жүргізушісінің әрекеті ауыр қылмыс болып саналмайтындықтан амнистияға ілігіп отыр. "Ал заңның 2-бабына сәйкес, ауыр емес қылмыс жасаған адамдар жазадан немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 35-бабы бойынша аминистияға байланысты қылмыстық істі тоқтату үшін зардап шеккен адамнан келісім алынбайды. 2022 жылы 1 ақпанда осы істі тоқтату туралы шешім қабылданды. Ал 3 ақпанда прокуратура шешімді бекітті", - деді департамент қызметкерлері.
https://sputnik.kz/20220210/atyrauda-ayel-zhurgizushi-balany-qagyp-otti--video-22685998.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/656/52/6565272_329:0:1769:1080_1920x0_80_0_0_d6f16e8ab6e6db23c8ebc668f54d5676.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкім орынбасар амнистия жаза көлік апат жүргізуші водитель авария наказание аким замакима
әкім орынбасар амнистия жаза көлік апат жүргізуші водитель авария наказание аким замакима
"Әкемді қағып өлтірді": әкім орынбасарының жүргізушісі жазадан құтылып кетті
Ер адам амнистияға ілігіп, жазадан толығымен босатылды. Оның жүргізуші куәлігін де алып қоймады
КӨКШЕТАУ, 11 ақпан – Sputnik. Ақмола облысындағы Жақсы ауылының тұрғыны әлеуметтік желіде жазба жариялап, полиция департаменті мен прокуратураға үндеу жолдады. Ер адам көмек сұрап отыр.
Оның әкесін аудан әкімі орынбасарының көлік жүргізушісі қағып өлтірген. Алайда ешқандай жазаға тартылмаған Өйткені амнистияға ілігіп кетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"2021 жылы 2 желтоқсанда Жақсы ауылында әкемді аудан әкімінің орынбасары Л.Ш.Сейдахметованың қызметтік көлігімен қағып кетті. Рөлде көлік жүргізушісі Е.Базылов отырған. Осы оқиға жұмыстан тыс уақытта – кешкі сағат 18:40-та болғанына назар аударуды сұраймын", - деп жазды Марат Клименко.
Оны әкесінің қазасынан кейін тағы бір жайт есеңгіретіп тастаған. Қайғылы оқиғаға себепкер болған көлік жүргізушісі толығымен жазадан босатылды.
"Екі айдан кейін Е.Базыловқа қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларының тоқтатылғаны туралы қаулы келді. Оған аудандық полиция бөлімшесінің бастығы Д.Т. Ишамбеков пен прокурор Е.К. Торсықбаев қол қойған. Ал тергеуші Абдуахитов қаулы Тәуелсіздіктің 30 жылдағына арналған амнистия негігзнде шығарылғанын айтты", - деп атап көрсетті Клименко.
Ер адамға қатысты ешқандай шара қолданылған жоқ. Тіпті, жүргізуші куәлігінен де айырмаған.
"Бұл біздің мемлекетімізде адамды қағып өлтіріп, артынан жазадан толығымен құтылуға болады деген сөз бе? Басқа көліктің рөліне отыра саласың. Бәлкім, ол қылмыс тағы қайталанады. Облыс прокуроры мен полиция департаменті басшысын осы істің мән-жайын анықтап, маған заң бойынша жауап беруді сұраймын", - дейді Марат Клименко.
Ақмола облыстық полиция департаменті қайғылы оқиға болғанын және кінәлі адамның жазадан босатылғанын растады.
"2021 жылы 2 желтоқсанда "Киа" маркалы көлікті басқарған Е.Е.Базылов Жақсы ауылында Гагарин көшесімен келе жатып, жаяу жүргінші Н.Клименконы соққан. Ол алған жарақатынан қайтыс болды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған. 2021 жылы 8 желтоқсанда "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы" заң қабылданды", - дейді департамент мамандары.
Жаяу жүргіншінің өліміне әкеліп соққан көлік жүргізушісінің әрекеті ауыр қылмыс болып саналмайтындықтан амнистияға ілігіп отыр.
"Ал заңның 2-бабына сәйкес, ауыр емес қылмыс жасаған адамдар жазадан немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 35-бабы бойынша аминистияға байланысты қылмыстық істі тоқтату үшін зардап шеккен адамнан келісім алынбайды. 2022 жылы 1 ақпанда осы істі тоқтату туралы шешім қабылданды. Ал 3 ақпанда прокуратура шешімді бекітті", - деді департамент қызметкерлері.