Жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар қылмыстық топтың басшылары ұсталды – видео
12:34 10.02.2022 (жаңартылды: 12:36 10.02.2022)
© AFP 2024 / CHRISTOPHE SIMONСпецоперация

© AFP 2024 / CHRISTOPHE SIMON
Жазылу
Жүргізілген арнайы операциялардың нәтижесінде ұсталғандардан бірнеше қару-жарақ түрі тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтың басшылары мен қатысушылары ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларын ұстады және жауапкершілікке тартты.
Жүргізілген арнайы операциялардың нәтижелері бойынша ұсталғандардан төмендегідей қару-жарақ түрлері алынды: екі “Калашников” автоматы, төрт “ПМ” тапаншасы, төрт “Глок” тапаншасы, револьвер, “ТТ” тапаншасы, помпалық мылтық, автоматты мылтық, “Сайга-410” тегіс ұңғылы карабині, “Оса” травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранаты және әртүрлі калибрлі 130 бірліктен астам оқ-дәрілер.

Барлық ұсталғандарға қатысты “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.