Қоғам

Адамдар ұсталған туыстарының қайда екенін білмейді – Бас прокуратура жауабы

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVАлматыдағы митинг, қаңтар
Алматыдағы митинг, қаңтар - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2022
Жазылу
Прокуратура органдарына осыған қатысты 258 арыз-шағым түскен
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев ұсталғандар өз туыстарына қайда екенін айтуға құқығы бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілісте адам құқығын қорғау туралы дөңгелек үстелде депутат Снежанна Имашева көп адам ұсталған жақындарынан еш хабар ала алмайтынына шағымданатынын айтты.
Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаевтың айтуынша, прокуратура органдарына осыған қатысты 258 арыз-шағым түскен.
"Әр шағымды мұқият тексереміз. Заң бойынша егер адам ұсталса, ол өз туыстарына хабар беруге құқылы. Сондай-ақ оған адвокат беріледі. Жай ғана қамап тастау деген болмайды. Бұл жайлы ақпаратты асыра сілтеп жіберген. Тергеу органдары әр ұсталған азамат бойынша адвокаттың қатысуымен қажетті шаралар жүргізеді, оған туысқандарына айту құқығы беріледі", - деді Кененбаев.
Айтуынша, террорлық актілерге қатысқандардың дені қорғаушысы ретінде өз туыстарын таңдайды. Бірақ прокуратура әр жағдайда жеке-дара тексереді.
Кененбаев 90-нан астам адам қамаудан босатылғанын, ауырлататын мән-жай болмағандықтан көбінің бұлтартпау шарасы өзгертілгенін еске салды. Бірақ олар қылмыстық жауапкершіліктен құтылмайды.
Жаңалықтар
0