Саясат

Тоқаев Путинмен Қазақстан мен Ресей үшін өте маңызды келіссөз жүргізгенін айтты

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуҚасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2022
Жазылу
Қазақстан президенті ресейлік әріптесімен келіссөз нәтижесіне қанағаттанатынын мәлімдеді
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Мәскеуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы үш сағатқа жалғасқан келіссөздер аяқталды. Қазақстан президенті кездесудің аса маңызды болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысына және ҰҚШҚ бойынша басқа да әріптестеріне Қазақстанға жасалған террористік шабуылға тойтарыс беруде қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
"Бүгінгі келіссөздер ешқандай асыра сілтеусіз Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы кейінгі жылдардағы ең маңызды келіссөз болды деп ойлаймын", - деді Тоқаев.
Қазақстан басшысы келіссөз нәтижесіне қанағаттанатынын айтты.
Жаңалықтар
0