Мәдениет

Айболат Жаудыр астанадағы театрдың директоры болды

© Sputnik / Владислав ВодневДиректор Государственного академического русского театра драмы им. М. Горького Айболат Жаудыр
Директор Государственного академического русского театра драмы им. М. Горького Айболат Жаудыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2022
Жазылу
Театрдың шымылдығы 1991 жылы 15 қарашада Ғабит Мүсіреповтің "Ақан Сері-Ақтоқты" трагедиясымен ашылған
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрдың директоры қызметіне Айболат Жаудыр тағайындалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы бүгін театрға барған мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады.
"Бұған дейін Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметін атқарып келген Ернар Жұматаев қызметінен босатылып, орнына еліміздің бірқатар беделді театрында басшылық қызмет атқарған Айболат Жаудыр тағайындалды", - деп хабарлады Абаев.
Абай рөліндегі Болат Әбділманов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Актер Болат Әбділманов: Халық әртісі емес, халықты қанаушылар
Ол сондай-ақ Ернар Жұматаевқа Қаллеки театрын басқарудағы елеулі еңбегі үшін алғыс айтты.
Айта кетері, Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың шымылдығы 1991 жылы 15 қарашада Ғабит Мүсіреповтің "Ақан Сері-Ақтоқты" трагедиясымен ашылды.
2011 жылы 14 желтоқсанда театр ұжымына мемлекеттік академиялық театр мәртебесі берілді. Ернар Жұматаев театр директоры қызметін 2020 жылдан бастап атқарды.
Жаңалықтар
0