https://sputnik.kz/20220210/senator-dini-agymdar-22673415.html
"Құзырлы органдардың өзі шарасыз": сенатор діни ағымдар мәселесін көтерді
"Құзырлы органдардың өзі шарасыз": сенатор діни ағымдар мәселесін көтерді
Sputnik Қазақстан
Сенатор діни ахуалды бақылауға алып, қатал шаралар қабылдау қажеттігін жеткізді 10.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-10T11:38+0500
2022-02-10T11:38+0500
2022-05-23T15:16+0500
деструктивті діни ағымдар
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/05/15394949_0:161:3069:1887_1920x0_80_0_0_4b6b997cddbe7d137d4cb3b8686bf71a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Деструктивті діни ағымдармен күресудің нақты және қатал шараларын қабылдау қажет. Бұл туралы сенатор Әли Бектаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенатор жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бұзақыларға ергендердің басым бөлігі жастар болғанын ерекше атап өтті. Осының өзі жастар саясаты саласындағы олқылықтың бар екенін көрсетіп отыр. "Сонда қай жерден қателестік? Осыған дейін жастар саясаты үшін бөлінген қаржы мен төгілген тердің нәтижесі қайда? Расымен, сол жұмыстың бәрі науқаншылыққа жол беріп, алаулатып-жалаулатып өткізген бір күндік шаралармен шектелгені ме? Ашығын айту керек, қасіретті қаңтар еліміздегі ұлттық идеологияның ақсап тұрғанын да анық көрсетті", - деп атап көрсетті Бектаев. Оның айтуынша, бар жауапкершілікті ата-анаға арта салу дұрыс емес. Себебі кейбір ата-ана үшін баласына бүтін киім мен ішер асын тауып беру, яғни, күнкөрістің өзі оңай емес. Ондайда балаңды отаншыл рухта тәрбиеле деп талап қоюдың өзі әбестік. "Жыл басында болған оқиғаларға деструктивті діни ұйымдардың қатысы бар екендігі анықталып отыр. Қоғамда бірнеше жылдан бері айтылып, талқыланып келсе де, бұл мәселеге қатысты қатаң шешімдер қабылданбай келеді. Есесіне біздің дәстүрлі дінімізді, имамдарды, мемлекеттік құрылымдарды мойындай бермейтін, өзі де, сөзі де басқа, жүрісі де, тұрысы да бөлек адамдар көбейді. Олардың немен айналысып жүргенін ешкім білмейді. Тіпті, құзырлы органдардың өздері шарасыздық танытады", - деді Бектаев. Сенатор діни ахуалды бақылауға алып, рұқсат етілмеген деструктивті діни ағымдармен күресудің нақты және қатал шараларын қабылдау қажеттігін жеткізді. Үкіметке депутаттық сауал жолдаған Бектаев жастар арасындағы жұмыссыздыққа қатысты жалған статистиканы жоюға үндеді
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/05/15394949_170:0:2899:2047_1920x0_80_0_0_34f3e41d68d1c98f5dfd6e1f7807bc13.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
деструктивті діни ағымдар
деструктивті діни ағымдар
"Құзырлы органдардың өзі шарасыз": сенатор діни ағымдар мәселесін көтерді
11:38 10.02.2022 (жаңартылды: 15:16 23.05.2022) Сенатор діни ахуалды бақылауға алып, қатал шаралар қабылдау қажеттігін жеткізді
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Деструктивті діни ағымдармен күресудің нақты және қатал шараларын қабылдау қажет. Бұл туралы сенатор Әли Бектаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Биылғы жыл еліміз үшін күрделі ахуалмен басталды. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты бейбіт шеруін қылмыстық және деструктивті ағымдағы топтар өз мүдделеріне пайдаланып кетті. Арты трагедияға ұласып, жазықсыз жандар зардап шекті. Бұл оқиға халыққа да, билікке де үлкен сабақ болды", - деді Бектаев сенаттың жалпы отырысында.
Сенатор жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бұзақыларға ергендердің басым бөлігі жастар болғанын ерекше атап өтті. Осының өзі жастар саясаты саласындағы олқылықтың бар екенін көрсетіп отыр.
"Сонда қай жерден қателестік? Осыған дейін жастар саясаты үшін бөлінген қаржы мен төгілген тердің нәтижесі қайда? Расымен, сол жұмыстың бәрі науқаншылыққа жол беріп, алаулатып-жалаулатып өткізген бір күндік шаралармен шектелгені ме? Ашығын айту керек, қасіретті қаңтар еліміздегі ұлттық идеологияның ақсап тұрғанын да анық көрсетті", - деп атап көрсетті Бектаев.
Оның айтуынша, бар жауапкершілікті ата-анаға арта салу дұрыс емес. Себебі кейбір ата-ана үшін баласына бүтін киім мен ішер асын тауып беру, яғни, күнкөрістің өзі оңай емес. Ондайда балаңды отаншыл рухта тәрбиеле деп талап қоюдың өзі әбестік.
"Жыл басында болған оқиғаларға деструктивті діни ұйымдардың қатысы бар екендігі анықталып отыр. Қоғамда бірнеше жылдан бері айтылып, талқыланып келсе де, бұл мәселеге қатысты қатаң шешімдер қабылданбай келеді. Есесіне біздің дәстүрлі дінімізді, имамдарды, мемлекеттік құрылымдарды мойындай бермейтін, өзі де, сөзі де басқа, жүрісі де, тұрысы да бөлек адамдар көбейді. Олардың немен айналысып жүргенін ешкім білмейді. Тіпті, құзырлы органдардың өздері шарасыздық танытады", - деді Бектаев.
Сенатор діни ахуалды бақылауға алып, рұқсат етілмеген деструктивті діни ағымдармен күресудің нақты және қатал шараларын қабылдау қажеттігін жеткізді. Үкіметке депутаттық сауал жолдаған Бектаев жастар арасындағы жұмыссыздыққа қатысты жалған статистиканы жоюға үндеді