Қоғам

"Тарихта алғаш рет болып отыр": сенат төрағасы маңызды оқиға туралы айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинРуководитель ОО "Ассоциация женщин с инвалидностью "Шырак" Ляззат Калтаева
Руководитель ОО Ассоциация женщин с инвалидностью Шырак Ляззат Калтаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2022
Жазылу
Қазақстан тарихында алғаш рет мүмкіндігі шектеулі адам сенатор қызметіне ресми түрде кірісті
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Бүгін парламент сенатының жалпы отырысында депутат болып тағайындалған Ляззат Қалтаева ант берді.
Осылайша, Қазақстан тарихында алғаш рет мүмкіндігі шектеулі адам сенатор қызметіне ресми түрде кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, көпшілік Ляззат Қалтаеваны белсенді қоғам қайраткері ретінде біледі.
Бұған дейін ол Алматыда "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрайымы және қалалық мәслихаттың депутаты болды. Сондай-ақ, сенаттың заң шығару жұмысына белсене араласты.
"Мүмкіндігі шектеулі азаматтың парламент депутаты болуы тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет орын алып отыр. Жалпы, мемлекет басшысы бұл санаттағы азаматтардың саяси өмірге белсенді араласуына үнемі баса мән беріп келеді. Ляззат Молдабекқызының сенатор болуы соның нақты нәтижесі. Бұл - мемлекетіміздің инклюзивтілігінің және президенттің елімізді жаңарту бағдарының іске асуының жарқын көрінісі. Мұндай қадам алдағы уақытта мүгедектігі бар адамдардың саяси және қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыруға ықпал етеді деп сенеміз", - деді Әшімбаев.
Отырыс кезінде сенатор Ляззат Қалтаева әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі болып сайланды.
Жаңалықтар
0