Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Путин: Қазақстан митингілердің салдарын қалпына келтіруге күш салуы керек

© Sputnik / Алексей НикольскийКасым-Жомарт Токаев и Владимир Путин
Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2022
Жазылу
Тоқаев пен Путин Мәскеуде келіссөздерді бастады. Бұл Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін екі ел басшыларының алғашқы кездесуі
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Мәскеуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті.
Путин Тоқаевпен келіссөз жүргізу кезінде мемлекет митингілердің салдарын қалпына келтіру үшін көп күш салуы керек екенін мәлімдеді. Бірақ Қазақстан аяғында нық тұр, деп нақтылады ол. Ал Қазақстан президенті адам өліміне әкелген тәртіпсіздіктерге кінәлілердің барлығы жазаланатынын атап өтті.
"Қазақстан ел ішіндегі жағдайды пайдаланған халықаралық бандалардың құрбаныболды. Біз сізбен жаңа жылдың алдында кездескен едік, мұндай оқиға болатынын ешкім білген жоқ. Соған қарамастан жағдай қалпына келді", - деді Путин.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біздің еліміз бен Ресей "Құдай қосқан көрші" екенін айтты. Мемлекет екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуды жалғастырады, деді Тоқаев Ресей басшысымен келіссөз жүргізу кезінде.
Кездесуде басшылар қол алысып, құшақтасып, орындықтарға жайғасты. Мемлекет басшыларының күн тәртібінде екіжақты қарым-қатынастарды дамыту перспективалары, интеграциялық ынтымақтастық және халықаралық проблемалар бар.
Еске сала кетейік, қаңтардың басында Қазақстанда наразылық акциялары өтіп, соңы жаппай тәртіпсіздіктер мен бүлікке ұласты. Тоқаевтың өтініші бойынша ҰҚШҰ бітімгершілік күштері уақытша елімізге кіргізілді. Сол кезде мемлекет басшылары бірнеше рет телефон арқылы сөйлесіп, ұйым саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысты.
Жаңалықтар
0