Әлем

Путин мен Батыс келісімге келе ме?

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2022
Жазылу
Батыс Украинаны әскери блокқа мүше етуге асықпайды. Өйткені олар бұл әрекет Ресейді шекті қадамдарға итермелейтінін біліп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Неге Ресей басшысы дәл үш ай бұрын НАТО-ның шығысқа қарай кеңеймеуін талап етті? Неге Украинаны атлантизациялауға жол берілмейтіні туралы мәселені көтерді? Батыс Ресей президенті Владимир Путиннің іс-әрекеті мен тактикасын түсінбей отырған сыңайлы, деп жазды РИА Новости.
Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, батыстағылар жоғарыдағы сұрақтарға әлі жауап тапқан жоқ. Сондықтан олар "Ресей Украинаға басып кірмекші" дегенді айтудан жалығар емес. Өткен жылдың көктемінде басталған "орыстар агрессиясы" туралы әңгіме бүгінде шарықтау шегіне жетті.
"Путин Батыстың айла-әрекетін өзіне қарсы қолдануды жөн көрді. Бұлай дейтініміз, Батыс үнемі Ресей президентін "қауіпті диктатор әрі агрессор" ретінде насихаттап келді. Сондықтан Путин осы жолы дәл осы кейіпте әрекет етуді жөн көрген сыңайлы. Өйткені англосаксондар Путинді өз пайдасы үшін жағымсыз сипатта көрсетуге тырысты", - деп жазды материал авторы.
РФ президентін агрессор және қатыгез тұлға ретінде көрсетуге батыста себеп көп. Оның қатарында Ресеймен санаспауға деген ұмтылыс, елді тежеуге қатысты іс-қимыл, америкаішілік саяси күреске ықпал ету мақсаты бар.
"Яғни, батыс истеблишменті бүгінде Путиннің қорқынышты бейнесіне өздері сеніп, одан кез келген әрекет күтуге болатынына нанып отыр. Сондықтан Путин бұл жағдайды оңтайлы пайдаланып, осы үрейді батыстағыларға қарсы қолдануды көздеді. Ресей Батысты Украинадан бас тартуға мәжбүрлегісі келеді. Әзірше Украина батыс ықпалында тұрғанмен, бұл мәселеге атлантизациялауды араластырмай, екі ел арасында шешу керек", - деп жазды мақала авторы.
Ақпарат көзіне сүйенсек, батыстағылар Украинаны әскери блокқа мүше етуге асықпайды. Өйткені олар бұл әрекет Ресейді шекті қадамдарға итермелейтінін біліп отыр. Ал бұл әскери қақтығысқа алып келетіні анық. Әйтсе де олар нақты кепілдік беруден бас тартып отыр. Себебі мұндай кепілдік батыстағы альянсқа кіруді көздеп отырған Украина элитасы үшін үлкен соққы болар еді.
Бұл жағдайда Ресей Украинадағы ішкі саяси ахуалдың өзгеруін өте ұзақ күтеді. Ал атлантшылардың қолында үнемі Ресейге қысым көрсету құралы болады. Себебі Украина Ресей мен Еуропа қарым-қатынасын ғана емес, РФ-ның Еуропадағы жекелеген мемлекеттермен байланысын тежеу үшін тиімді қолданылып келеді. Сондықтан батыстағылар Ресейді тежеу үшін украин елін әлі ұзақ қолдануды жоспарлаған көрінеді.
Осының барлығын ескеріп, Путин англосаксондардың ыңғайына қарай әрекет етті: ол көктемнен бастап расында да Украинаға соққы жасайтын иллюзия жасап, атлантшылардың мазасыздығын күшейтті.
"Тамызда америкалықтар Ауғанстаннан біржола кеткен кезде АҚШ беделіне үлкен залал келді. Путин бұл тактиканы күзде де жалғастырды. Батыс Ресей Украинаға шабуыл жасайтынын жоққа шығармайтын деңгейге жетті. Қарашада Путин қауіпсіздік кепілдіктері туралы Батысқа талап қойып, Украинаны НАТО-ға қабылдауға жол берілмейтінін атап көрсетті. Желтоқсанда бұл ультиматум хаттама түрінде ресми рәсімделді" – деп жазды РИА Новости.
Батыс Ресей президенті соғысқа дайын екеніне басқаларды сендіруге тырысқанымен, орыс агрессиясына қол қусырып қарап отыруға болмайтынын түсінді. Ал Путин мұндай әрекетке бармайтынын айтса, бұған дейінгі өз жұмысын жоққа шығарғанмен тең болады.
Сонда не істеу керек? Ресейге қарсы санкцияларды бей-берекет енгізуге болмайды. Өйткені бұл жаһандық қаржы жүйесіне үлкен соққы болады. Ал Украина үшін ашық соғысқа бару АҚШ-қа, соның ішінде Байденнің ішкі саяси беделіне орасан зор зиян келтіреді.
"Сондықтан мұны шешудің бір ғана амалы бар: ол Путинмен келіссөз жүргізу. Ең алдымен, украин мәселесі аясында Украинаның НАТО-ға кірмейтініне нақты кепілдік ұсыну қажет", - деп түйіндеген автор.
Жаңалықтар
0