https://sputnik.kz/20220210/pavlodar-munay-khimiya-zauyt-bas-direktory-22678316.html
Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры қамауға алынды - ҚМА
Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры қамауға алынды - ҚМА
Sputnik Қазақстан
Оспанбек Әлсейітов екі айға қамауға алынды, қылмыстық іс қозғалған 10.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-10T13:11+0500
2022-02-10T13:11+0500
2022-02-10T13:14+0500
қоғам
павлодар
зауыт
қамауға алынды
https://sputnik.kz/img/07e6/02/09/22643508_0:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_45f888b936f1d8ab84c69e50b5c8235b.jpg
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Павлодар облысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі."Павлодар облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтағы департаменті "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры О.Б. Әлсейітовке және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген ақпаратта.Агенттік ақпаратына сәйкес, оларға қатысты тергеу дизель отынын өндіру процесін сығымдау бойынша "ПМХЗ" ЖШС функцияларын аутсорсингке заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша жүріп жатыр."ПМХЗ" ЖШС директоры Оспанбек Әлсейітовке қатысты Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.Іске қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.Айта кетері, 9 ақпанда Оспанбек Әлсейітовтің ұсталғанын оның ұлы хабарлады.Ол Instagram парақшасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады."7 ақпанда оны ұстады, ал сегізінде ешқандай дәлелсіз қамауға алды", - дейді видеода бас директордың ұлы Сұлтан.Оның айтуынша, тергеу Оспанбек Әлсейітовті 2018 жылдың 3 қаңтарында қоспаларды жеткізу келісімшартына қол қойған деп айыптап отыр. Ал бүкіл тендерлік рәсімдер мен шешімдер әкесі "Қазмұнайгаз" компаниясында жұмыс істеген кезде қабылданған. Бұл қызметке ол 2017 жылдың 22 желтоқсанында тағайындалған.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/09/22643508_0:0:2048:1537_1920x0_80_0_0_17c434b782748705c48d83dc953edf2a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, зауыт, қамауға алынды
павлодар, зауыт, қамауға алынды
Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры қамауға алынды - ҚМА
13:11 10.02.2022 (жаңартылды: 13:14 10.02.2022) Оспанбек Әлсейітов екі айға қамауға алынды, қылмыстық іс қозғалған
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Павлодар облысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
"Павлодар облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтағы департаменті "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры О.Б. Әлсейітовке және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген ақпаратта.
Агенттік ақпаратына сәйкес, оларға қатысты тергеу дизель отынын өндіру процесін сығымдау бойынша "ПМХЗ" ЖШС функцияларын аутсорсингке заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша жүріп жатыр.
"ПМХЗ" ЖШС директоры Оспанбек Әлсейітовке қатысты Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Іске қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Айта кетері, 9 ақпанда Оспанбек Әлсейітовтің ұсталғанын оның ұлы хабарлады.
Ол
Instagram парақшасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады.
"7 ақпанда оны ұстады, ал сегізінде ешқандай дәлелсіз қамауға алды", - дейді видеода бас директордың ұлы Сұлтан.
Оның айтуынша, тергеу Оспанбек Әлсейітовті 2018 жылдың 3 қаңтарында қоспаларды жеткізу келісімшартына қол қойған деп айыптап отыр. Ал бүкіл тендерлік рәсімдер мен шешімдер әкесі "Қазмұнайгаз" компаниясында жұмыс істеген кезде қабылданған. Бұл қызметке ол 2017 жылдың 22 желтоқсанында тағайындалған.