Қоғам

Нұр-Сұлтанда үй карантинін бұзғандар саны көбейді

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан әуежайы
Нұр-Сұлтан әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2022
Жазылу
Жыл басынан бері Ashyq жүйесіне тіркелген нысандарға келушілер арасында 60 400-ден астам адамның үй карантинін бұзғаны анықталды
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Өткен аптамен салыстырғанда қалада аурушаңдық 2,8 есеге төмендеді. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 2,8 есеге, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 749,0-ден 260,6-ға дейін төмендеді. Алайда соған қарамастан қала коронавирустың "қызыл" аймағында тұр", - деді Бейсенова.
Алайда қалада үй карантинін бұзғандар саны көбейген.
"Жыл басынан бері Ashyq жүйесіне тіркелген нысандарға келушілер арасында 60 400-ден астам адамның үй карантинін бұзғаны анықталды. Оның ішінде 6 300-ден астам адамның жүйеде "қызыл" статусы болған, яғни коронавируспен ауырып жүрген адамдар", - деді Бейсенова.
Сондай-ақ жыл басынан бері 6 мыңға жуық оқушыдан коронавирус табылды.
"Жыл басынан бері 5 929 бала коронавирус жұқтырды, оның ішінде 365 бала офлайн форматта білім алған. 3 345 оқушы онлайн форматта оқыған, 2 219 бала демалыс кезінде инфекция жұқтырған", - деді ол.
Айта кетері, елордада өткен тәулікте 305 адамнан коронавирус анықталған. Ал жыл басталғалы 83 917 адамнан Covid-19 табылды. Оның ішінде 79 127 жағдай қаңтарда тіркелді. Сархат Бейсенова мұны коронавирус жұқтыру бойынша рекордтық айлық көрсеткіш деп атады.
"Жыл басында науқастардың көп болуына байланысты науқастардан алынған 51 оң сынамаға секвенирлеу жүргізілді, нәтижесінде "омикрон" штамы коронавируспен ауыратын 70,6-дан астам астаналықта анықталды. Ал қалған 29,4%-інен "дельта" штамы табылды. Елордада омикрон штамы басым болып тұр", - деді қаланың бас санитар дәрігері.
Медик проводит экспресс-тест на коронавирус  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2022
Қоғам
Министр Ғиният карантин қандай жағдайда 7 күннен кейін аяқталатынын айтты
Жаңалықтар
0