https://sputnik.kz/20220210/kolledzhderde-ne-ozgeredi-22691235.html
Колледждердегі білім беру бағдарламалары қайта қаралады: не өзгереді
Колледждердегі білім беру бағдарламалары қайта қаралады: не өзгереді
Sputnik Қазақстан
Жаңашылдық колледж түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие болуына көмектеседі 10.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-10T19:00+0500
2022-02-10T19:00+0500
2022-02-10T19:00+0500
қоғам
колледж
білім
https://sputnik.kz/img/541/35/5413521_0:146:1920:1226_1920x0_80_0_0_4d7aa81b8e326edf4508c35a2c6daada.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстандық колледждер академиялық дербестік алды. Енді оқу орындары білім беру бағдарламаларының мазмұнын өздері анықтап, нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлай алады. Бұл туралы БҒМ техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова айтты.Бұрын оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындаған кезде колледждер типтік жоспарларға қарай жұмыс істейтін еді және олардың мазмұнын тек 50%-ға дейін өзгерте алатын. Енді олар жаңа тенденциялар мен нарық талаптарына сай жұмыс жүргізеді.Оның айтуынша, бұл шаралар өндірістегі технологиялық өзгерістерге және еңбек нарығының сұранысына бейімделуге бағытталған. ТжКБ жүйесі мамандарды жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес даярлайды.Сонымен қатар ТжКБ ұйымдарының оқыту мерзімдерінде де өзгерістер бар.Енді олар нақты білім беру бағдарламасына және сұранысқа сай оқу нәтижелеріне байланысты болады. Бұрын оқу мерзімі орташа есеппен 2 жылдан 4 жылға дейін болса, енді колледждер мамандықтың күрделілігі мен оқу нәтижелерін ескере отырып, білім беру мерзімін өз бетінше анықтайды.Академиялық дербестік білім беру бағдарламаларының сапасына әсер етпейді, өйткені бұл үшін бірыңғай ақпараттық орта – білім беру бағдарламаларының тізілімі жинақталып жатыр. Колледж таңдаған әрбір жаңа бағдарлама білім және ғылым министрлігінде және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында 2 кезеңнен тұратын сараптамадан өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/541/35/5413521_46:0:1874:1371_1920x0_80_0_0_1348d1e0d1f35af6ee07ecd954136e76.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
колледж, білім
Колледждердегі білім беру бағдарламалары қайта қаралады: не өзгереді
Жаңашылдық колледж түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие болуына көмектеседі
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстандық колледждер академиялық дербестік алды. Енді оқу орындары білім беру бағдарламаларының мазмұнын өздері анықтап, нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлай алады. Бұл туралы БҒМ техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова айтты.
Бұрын оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындаған кезде колледждер типтік жоспарларға қарай жұмыс істейтін еді және олардың мазмұнын тек 50%-ға дейін өзгерте алатын. Енді олар жаңа тенденциялар мен нарық талаптарына сай жұмыс жүргізеді.
"Білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде колледждер оқытудың әртүрлі технологияларын, нысандарын, оқу процесін ұйымдастыру және бақылау әдістерін өздері таңдай алады. Осылайша, білім беру бағдарламалары жастарға қажетті дағдыларды игеруге және қысқа мерзімде жұмысқа тұруға, сондай-ақ қажет болған жағдайда қайта оралып, басқа да қосымша біліктіліктерді меңгеруге мүмкіндік береді", – деді Насымжан Оспанова.
Оның айтуынша, бұл шаралар өндірістегі технологиялық өзгерістерге және еңбек нарығының сұранысына бейімделуге бағытталған. ТжКБ жүйесі мамандарды жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес даярлайды.
Сонымен қатар ТжКБ ұйымдарының оқыту мерзімдерінде де өзгерістер бар.
Енді олар нақты білім беру бағдарламасына және сұранысқа сай оқу нәтижелеріне байланысты болады. Бұрын оқу мерзімі орташа есеппен 2 жылдан 4 жылға дейін болса, енді колледждер мамандықтың күрделілігі мен оқу нәтижелерін ескере отырып, білім беру мерзімін өз бетінше анықтайды.
Академиялық дербестік білім беру бағдарламаларының сапасына әсер етпейді, өйткені бұл үшін бірыңғай ақпараттық орта – білім беру бағдарламаларының тізілімі жинақталып жатыр. Колледж таңдаған әрбір жаңа бағдарлама білім және ғылым министрлігінде және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында 2 кезеңнен тұратын сараптамадан өтеді.