https://sputnik.kz/20220210/elordada-koronavirus-zhuqtyrgan-zhukti-ayelder-sany-azaydy-22683066.html
Елордада коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер саны азайды
Елордада коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер саны азайды
Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтанда 55 жүкті әйел коронавирусқа қарсы ем алып жатыр 10.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-10T15:40+0500
2022-02-10T15:40+0500
2023-08-09T10:12+0500
денсаулық
коронавирус
жүкті әйел
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/09/15693721_0:159:3073:1888_1920x0_80_0_0_2d820af5fc9dec12c66fbe6e3069b009.jpg
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жүкті әйелдер мен сәбилер арасында коронавирус жұқтырғандар саны азайды. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Елордада науқастарды емдеуге 9 стационар жұмылдырылған. Ол жерде 1734 төсек-орын, оның ішінде 149 реанимациялық төсек бар."Қазір коронавирус стационарларында 531 науқас ем алып жатыр, инфекциялық төсек-орынның жүктемесі 30% төңірегінде. Өкінішке қарай реанимациялық төсек-орынның жүктемесі әлдеқайда жоғары, яғни 50%. Реанимацияда 75 науқас бар, оның ішінде 19 адам жасанды тыныс алу аппаратының көмегі арқылы тыныс алып жатыр. Реанимацияда жатқандардың көп бөлігі өз бетінше ем алғандар, жеке емханаға жүгінгендер және вакцина салдырмағандар", - дейді Мұратов.Айта кетері, Нұр-Сұлтан қаласында қаңтарда 113 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Олардың 96%-і вакцина салдырмаған науқастар.
https://sputnik.kz/20220207/nur-sultan-koronavirus-sany-22588672.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/09/15693721_172:0:2901:2047_1920x0_80_0_0_df44f7da761f068332914a02cccbb82a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, жүкті әйел
Елордада коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер саны азайды
15:40 10.02.2022 (жаңартылды: 10:12 09.08.2023) Нұр-Сұлтанда 55 жүкті әйел коронавирусқа қарсы ем алып жатыр
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жүкті әйелдер мен сәбилер арасында коронавирус жұқтырғандар саны азайды. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазір жүкті әйелдер мен балалардың арасында коронавирус жұқтырғандар аз. Қалада 55 жүкті әйел коронавирус инфекциясына қарсы емделіп жатыр, оның 23-і ауруханада. Covid-19 анықталған 40 бала стационарлық жағдайда емделуде", - деді Тимур Мұратов.
Елордада науқастарды емдеуге 9 стационар жұмылдырылған. Ол жерде 1734 төсек-орын, оның ішінде 149 реанимациялық төсек бар.
"Қазір коронавирус стационарларында 531 науқас ем алып жатыр, инфекциялық төсек-орынның жүктемесі 30% төңірегінде. Өкінішке қарай реанимациялық төсек-орынның жүктемесі әлдеқайда жоғары, яғни 50%. Реанимацияда 75 науқас бар, оның ішінде 19 адам жасанды тыныс алу аппаратының көмегі арқылы тыныс алып жатыр. Реанимацияда жатқандардың көп бөлігі өз бетінше ем алғандар, жеке емханаға жүгінгендер және вакцина салдырмағандар", - дейді Мұратов.
Айта кетері, Нұр-Сұлтан қаласында қаңтарда 113 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Олардың 96%-і вакцина салдырмаған науқастар.