https://sputnik.kz/20220210/asker-zhenildikter-beru-22674887.html
Қазақстанда әскерге барып келгендерге жеңілдіктер беру ұсынылды
Қазақстанда әскерге барып келгендерге жеңілдіктер беру ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Сенаторлар мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде арнайы жинақтау есепшоттарын ашуды ұсынды 10.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-10T12:12+0500
2022-02-10T12:12+0500
2022-02-10T12:12+0500
қоғам
әскерилер
https://sputnik.kz/img/old/881/52/8815291_0:53:1025:629_1920x0_80_0_0_5ac32bd48f0c1df9cdb825c895f9a6f0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Сенаторлар әскерден жалтаруды азайту жолдарын ұсынды. Ол үшін азаматтық борышын атқарып келген жастарға сан алуан жеңілдіктер беруге болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Депутат Бекболат Орынбековтың айтуынша, алдымен білім алу жағынан бірқатар жеңілдік беру керек. Бұдан бөлек, сенаторлар мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде арнайы жинақтау есепшоттарын ашуды ұсынды. Оған баспанаға немесе оқуға ақша жинауға болады. Бірақ әскери қызметшілердің ақшалай төлемдерін арттыру қажет. Сол сияқты отбасы мүшелеріне коммуналдық төлем жағынан жеңілдік беру мәселесін қарастырған дұрыс. "Шақырту алған жастарды одан ары жұмысқа орналастыру үшін қызметін өткеру кезеңінде техникалық және құрылыс-инженерлік мамандықтар бойынша оқытуды ұйымдастыру қажет", - деп атап көрсетті Орынбеков. Сенатордың мәліметіне сәйкес, 2021 жылы мерзімді әскери қызметке шақырылатындардың тізмінде 215 105 адам тұрған.Олардың ішінен 32 064 адам қарулы күштерге және басқа да әскери құрылымдарға шақырылды. Қалған 183 041 адам (85 процент) әскери шақыруды кейінге қалдырды немесе осы міндеттен толығымен босатылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/881/52/8815291_58:0:965:680_1920x0_80_0_0_e9e0b8eb35cd395fb8110159d1d220d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскерилер
Қазақстанда әскерге барып келгендерге жеңілдіктер беру ұсынылды
Сенаторлар мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде арнайы жинақтау есепшоттарын ашуды ұсынды
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Сенаторлар әскерден жалтаруды азайту жолдарын ұсынды. Ол үшін азаматтық борышын атқарып келген жастарға сан алуан жеңілдіктер беруге болады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Бекболат Орынбековтың айтуынша, алдымен білім алу жағынан бірқатар жеңілдік беру керек.
"Оқуға түсу емтиханын тапсыру кезінде қосымша балл түріндегі жеңілдіктерді немесе әскери кафедрада білім алуға жұмсалатын мемлекет шығынына тең мөлшердегі жеңілдіктер беру мәселесін қарастыру қажет. Сондай-ақ жоғары оқу орнының бюджеттік бөліміне жеңілдікпен түсу мүмкіндігін берген жөн. Бұл ретте оқуға түсу емтиханын әңгімелесумен ауыстыру немесе жалпы білім пәндері бойынша емтихандардан босатуға болады", - деді Орынбеков сенаттың жалпы отырысында.
Бұдан бөлек, сенаторлар мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде арнайы жинақтау есепшоттарын ашуды ұсынды. Оған баспанаға немесе оқуға ақша жинауға болады.
Бірақ әскери қызметшілердің ақшалай төлемдерін арттыру қажет. Сол сияқты отбасы мүшелеріне коммуналдық төлем жағынан жеңілдік беру мәселесін қарастырған дұрыс.
"Шақырту алған жастарды одан ары жұмысқа орналастыру үшін қызметін өткеру кезеңінде техникалық және құрылыс-инженерлік мамандықтар бойынша оқытуды ұйымдастыру қажет", - деп атап көрсетті Орынбеков.
Сенатордың мәліметіне сәйкес, 2021 жылы мерзімді әскери қызметке шақырылатындардың тізмінде 215 105 адам тұрған.
Олардың ішінен 32 064 адам қарулы күштерге және басқа да әскери құрылымдарға шақырылды. Қалған 183 041 адам (85 процент) әскери шақыруды кейінге қалдырды немесе осы міндеттен толығымен босатылды.