Қоғам

"Қызыл" аймақтан тағы екі облыс шықты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2022
Жазылу
Екі өңір "қызылдан" "сары" аймаққа орын ауыстырды
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Корнавирустың "қызыл" аймағында 9 өңір қана қалды.
Алматы және Ақтөбе облыстары "қызылдан" "сары" аймаққа өтті.
Ал "сары" аймақта болған Жамбыл облысы "жасыл" аймаққа енді.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
Сары" аймақта: Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 231 адам тіркелді.
Жаңалықтар
0