https://sputnik.kz/20220209/qazaqtelekom-qyzmetkerler-zhalaqy-22644030.html
"Қазақтелеком" қызметкерлерінің жалақысы артады
"Қазақтелеком" қызметкерлерінің жалақысы артады
Sputnik Қазақстан
Жаңа ұжымдық шарт бойынша қызметкерлерге ұсынылатын әлеуметтік пакет сақталады 09.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-09T12:42+0500
2022-02-09T12:42+0500
2022-02-09T12:43+0500
қоғам
"қазақтелеком" ақ
жалақы
https://sputnik.kz/img/1362/19/13621969_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_f56258e3168e9e9e503e3968ff4b45a9.jpg
АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. "Қазақтелеком" АҚ ақпараттандыру және байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағымен жаңа ұжымдық шартқа қол қойды, оған сәйкес өндірістік персоналдың жалақысы айтарлықтай артады. Бұл туралы компания басшысы Қуанышбек Есекеев әлеуметтік желіде мәлімдеді.Есекеевтің айтуынша, қызметкерлер жалақысының өсуі арасындағы алшақтық грейд жүйесіне байланысты. "Бұл механизм бірдей лауазымдарды атқаратын қызметкерлердің біліктілік деңгейіндегі айырмашылықты ескеруге мүмкіндік береді: грейд бойынша әр лауазымда ең төменгі және ең жоғары жалақы бар. Ұжымдық шарттың жаңа нұсқасында біз ең алдымен жұмысшы мамандықтар мен инженерлік-техникалық құрамның грейдерлері бойынша лауазымдық жалақының төменгі деңгейін көтереміз", - деп түсіндірді Есекеев. Есекеев жаңа ұжымдық шарт бойынша қызметкерлерге ұсынылатын әлеуметтік пакет сақталатынын айтты. Айта кетері, 31 қаңтарда Алматыдағы "Қазақтелеком" қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартты. Олар компанияның кеңсесінің жанында жиналды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1362/19/13621969_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_87dfcdc529ed8555cfb50cacd5c03b05.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақтелеком казахтелеком жалақы зарплата
қазақтелеком казахтелеком жалақы зарплата
"Қазақтелеком" қызметкерлерінің жалақысы артады
12:42 09.02.2022 (жаңартылды: 12:43 09.02.2022) Жаңа ұжымдық шарт бойынша қызметкерлерге ұсынылатын әлеуметтік пакет сақталады
АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. "Қазақтелеком" АҚ ақпараттандыру және байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағымен жаңа ұжымдық шартқа қол қойды, оған сәйкес өндірістік персоналдың жалақысы айтарлықтай артады. Бұл туралы компания басшысы Қуанышбек Есекеев әлеуметтік желіде мәлімдеді.
"Біз еңбекақы төлеу қорымызды тек осы жылы ғана 10%-ке ұлғайтамыз, себебі елдегі ең төменгі жалақының 60 мың теңгеге дейін ұлғаюы автоматты түрде компаниядағы, ең алдымен өндірістік персонал деңгейіндегі ең төменгі жалақының артуына әкеледі: демек жалақы орта есеппен 20%-тен 50%-ке дейін артады", - деп жазды Есекеев.
Есекеевтің айтуынша, қызметкерлер жалақысының өсуі арасындағы алшақтық грейд жүйесіне байланысты.
"Бұл механизм бірдей лауазымдарды атқаратын қызметкерлердің біліктілік деңгейіндегі айырмашылықты ескеруге мүмкіндік береді: грейд бойынша әр лауазымда ең төменгі және ең жоғары жалақы бар. Ұжымдық шарттың жаңа нұсқасында біз ең алдымен жұмысшы мамандықтар мен инженерлік-техникалық құрамның грейдерлері бойынша лауазымдық жалақының төменгі деңгейін көтереміз", - деп түсіндірді Есекеев.
Есекеев жаңа ұжымдық шарт бойынша қызметкерлерге ұсынылатын әлеуметтік пакет сақталатынын айтты. Айта кетері, 31 қаңтарда Алматыдағы "Қазақтелеком" қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартты. Олар компанияның кеңсесінің жанында жиналды.