https://sputnik.kz/20220209/qantar-oqigasy-kush-qoldanu-22649435.html
Қаңтар оқиғасы: күш қолдануға қатысты түскен арыздардың саны жарияланды
Қаңтар оқиғасы: күш қолдануға қатысты түскен арыздардың саны жарияланды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде тергеу изоляторларында прокуролардың қабылдауы өтіп жатыр 09.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-09T15:05+0500
2022-02-09T15:05+0500
2022-05-23T14:38+0500
тәртіпсіздік
бас прокуратура
күш қолдану
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/15/97/159724_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_5a198c94474296335579a57607570e50.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Прокуратура органдарына тергеу кезінде заңсыз әдіс-тәсілдерді қолдануға қатысты 250 арыз-шағым түсті. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Осы орайда бас прокурордың орынбасары тергеуге қатысты қабылданған заңдарды еске салды. Оған сәйкес, тергеуші әрбір негізгі шешімін прокурормен келісуге міндетті. "Сондықтан бірде-бір іс прокурордың назарынан тыс қалмайды деп ойлаймын", - деді Шындалиев. Оның айтуынша, қазіргі кезде тергеу изоляторларында прокуролардың қабылдауы да өтіп жатыр. "Бірінші күндері прокурорлар 96 адамды уақытша ұстау изоляторларынан босатты. Одан кейін біз ұсталған адамдардың отбасылық жағдайын, жасын және денсаулығын ескеріп басқа бұлтарпау шарасына ауыстыру мәселесін қарастырып жатырмыз. Осы жұмыстың нәтижесінде 92 адам тергеу изоляторларынан шығарылды", - деп атап өтті Шындалиев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/15/97/159724_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_d1e68f29661074b896eb8de086fb5aab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәртіпсіздік, бас прокуратура, күш қолдану
тәртіпсіздік, бас прокуратура, күш қолдану
Қаңтар оқиғасы: күш қолдануға қатысты түскен арыздардың саны жарияланды
15:05 09.02.2022 (жаңартылды: 14:38 23.05.2022) Қазіргі кезде тергеу изоляторларында прокуролардың қабылдауы өтіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Прокуратура органдарына тергеу кезінде заңсыз әдіс-тәсілдерді қолдануға қатысты 250 арыз-шағым түсті.
Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бізге тергеу кезіндегі заңсыз тәсілдерге қатысты 250 арыз түсті. Олар бойынша біз 133 қылмыстық іс қозғадық. Бұл істер прокурорлардың қатаң бақылауына алынды. Әр іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалған", - деді Шындалиев мәжілістің жалпы отырысында.
Осы орайда бас прокурордың орынбасары тергеуге қатысты қабылданған заңдарды еске салды. Оған сәйкес, тергеуші әрбір негізгі шешімін прокурормен келісуге міндетті.
"Сондықтан бірде-бір іс прокурордың назарынан тыс қалмайды деп ойлаймын", - деді Шындалиев.
Оның айтуынша, қазіргі кезде тергеу изоляторларында прокуролардың қабылдауы да өтіп жатыр.
"Бірінші күндері прокурорлар 96 адамды уақытша ұстау изоляторларынан босатты. Одан кейін біз ұсталған адамдардың отбасылық жағдайын, жасын және денсаулығын ескеріп басқа бұлтарпау шарасына ауыстыру мәселесін қарастырып жатырмыз. Осы жұмыстың нәтижесінде 92 адам тергеу изоляторларынан шығарылды", - деп атап өтті Шындалиев.