https://sputnik.kz/20220209/politseyler-astanada-pater-video-22645504.html
Полицейлер астанада үй жалдайтын екі қызды ұстады - видео
Полицейлер астанада үй жалдайтын екі қызды ұстады - видео
Sputnik Қазақстан
Қыздардың бірі Ресей тумасы. Қазіргі уақытта айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерін құжаттау, басқа да қатысы бар адамдарды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр 09.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-09T13:24+0500
2022-02-09T13:24+0500
2022-02-09T13:24+0500
елорда тынысы
полицейлер
қыздар
көп қабатты үй
https://sputnik.kz/img/665/23/6652377_0:191:2961:1857_1920x0_80_0_0_5a0ada4fc461e0a0e6e93f2e994c58e5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан - Sputnik. Елордада синтетика өндірісі бойынша ірі есірткі зертханасы жойылды.Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері елордалық және қарағандылық полицейлермен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде “Family Village” коттедж қалашығындағы үйлердің бірінде синтетикалық есірткінің өндірісін жолға қойып, қала аумағында олардың көтерме саудасымен айналысқан екі жас қызды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, жалға алынған үйді тінту барысында 1218 таблетка “Экстази” синтетикалық есірткісі, 2 келі “Альфа-PVP” синтетикалық есірткісі, сондай-ақ, есірткі өндірісінде қолданылатын заттар – 140 литрден астам прекурсорлар және үй жағдайында есірткі дайындауға арналған түрлі зертханалық жабдықтар табылып тәркіленді.Есірткі құралдарына сот-химиялық сараптамалар жүргізілген.Айта кетері, ұсталғандар бір жылдан астам уақыт бойы синтетикалық есірткінің ірі партияларын дайындап сатқан.Қыздардың бірі Ресей тумасы. Қазіргі уақытта айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерін құжаттау, сондай-ақ, басқа да қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.Еске сала кетері, 2021 жылы еліміздің бірнеше облысында Ресейден прекурсорлар мен зертханалық жабдықтарды жеткізумен, сондай-ақ, синтетикалық есірткілерді өткізумен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топтың қатысушыларын ұстау бойынша ірі шаралар жүргізілген. Былтыр ішкі істер органдары барлығы 17 есірткі зертханасын жойды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/665/23/6652377_115:0:2846:2048_1920x0_80_0_0_79a1fee26e24ca1a2cb3ddc98c62f2a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полицейлер, қыздар, көп қабатты үй
полицейлер, қыздар, көп қабатты үй
Полицейлер астанада үй жалдайтын екі қызды ұстады - видео
Қыздардың бірі Ресей тумасы. Қазіргі уақытта айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерін құжаттау, басқа да қатысы бар адамдарды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан - Sputnik. Елордада синтетика өндірісі бойынша ірі есірткі зертханасы жойылды.
Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері елордалық және қарағандылық полицейлермен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде “Family Village” коттедж қалашығындағы үйлердің бірінде синтетикалық есірткінің өндірісін жолға қойып, қала аумағында олардың көтерме саудасымен айналысқан екі жас қызды ұстады, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, жалға алынған үйді тінту барысында 1218 таблетка “Экстази” синтетикалық есірткісі, 2 келі “Альфа-PVP” синтетикалық есірткісі, сондай-ақ, есірткі өндірісінде қолданылатын заттар – 140 литрден астам прекурсорлар және үй жағдайында есірткі дайындауға арналған түрлі зертханалық жабдықтар табылып тәркіленді.
Есірткі құралдарына сот-химиялық сараптамалар жүргізілген.
Айта кетері, ұсталғандар бір жылдан астам уақыт бойы синтетикалық есірткінің ірі партияларын дайындап сатқан.
"Ұсталғандар таяуда ғана жалпы салмағы 1,2 келі мефедронды қала сыртында екі жерде жасырғаны белгілі болды. Олар қосымша тергеу әрекеттері барысында тәркіленіп алынды. Алынған синтетикалық есірткілердің жалпы салмағы - 3 келі 840 грамм", - делінген хабарламада.
Қыздардың бірі Ресей тумасы. Қазіргі уақытта айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерін құжаттау, сондай-ақ, басқа да қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Еске сала кетері, 2021 жылы еліміздің бірнеше облысында Ресейден прекурсорлар мен зертханалық жабдықтарды жеткізумен, сондай-ақ, синтетикалық есірткілерді өткізумен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топтың қатысушыларын ұстау бойынша ірі шаралар жүргізілген.
Былтыр ішкі істер органдары барлығы 17 есірткі зертханасын жойды.