Өңірлер

Ақтаулық аналар пәтерді жекешелендіруді талап етті: билік оларға қандай уәж айтты

© Photo : Акимат Мангистауской области Аким Мангистауской области Нурлан Ногаев встретился с группой женщин, требующих безвозмездной приватизации арендного жилья
Аким Мангистауской области Нурлан Ногаев встретился с группой женщин, требующих безвозмездной приватизации арендного жилья - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2022
Жазылу
Көпбалалы аналар, жалға берілген пәтерлерін жекешелендіріп беруді талап етті
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Нұрлан Ноғаев жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіруді талап еткен бір топ әйелмен кездесті.
Әкімдікке келген әйелдер Жаңаөзен қаласынан Ақтау қаласына қоныстандыру бағдарламасы бойынша 2019-2022 жылдар аралығында жалға берілген пәтерлерін жекешелендіріп беруді талап етті. Сондай-ақ, пәтерді жалға алу және коммуналдық қызметтер үшін төленетін төлем ақысын алып тастау туралы талаптарын айтты.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалға берілетін тұрғын үй жекешелендіруге жатпайтынын түсіндірді.

"Ақтау қаласында жалға берген пәтерлердің жалға алу мерзіміне шектеу қойылмайды. Егер келісім шартта тіркелген адам қайтыс болған жағдайда, жалға алу келісім-шарты қалған отбасы мүшелеріне ұзартылып беріледі. Қолданыстағы "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңы бойынша, бұл пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз беріледі, жалға берілетін тұрғын үй жекешелендіруге жатпайды",-деді Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, коммуналдық төлем үшін табыс көлемі жеткіліксіз болса "Тұрғын үй қатынастары" туралы Заңға сәйкес қажетті құжаттар пакетін жинап, тұрғын үй көмегін алуға мүмкіндік бар.
Тұрғын үйді жалдау ақысы тұрғын үйдің шаршы метріне байланысты 8-ден 12 мың теңгеге дейін өзгереді.
Кездесуге облыстық мәслихат депутаттары да қатысып, жиналғандарды комиссия жұмысын жалғастыруға шақырды. Мәслихаттың бірқатар депутаттары аналар көтерген мәселелерді қарау үшін парламентке хат жолдады.
Жаңалықтар
0