Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Депутат қаңтар оқиғасы кезінде назардан тыс қалған өзекті мәселені көтерді

© AP Photo / Vladimir TretyakovДемонстрант возвращает щит сотруднику ОМОНа во время акции протеста в Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г.
Демонстрант возвращает щит сотруднику ОМОНа во время акции протеста в Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2022
Жазылу
Мәжілісте құқық қорғау қызметін жетілдіру мәселелері туралы заң жобасы қаралды
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов құқық қорғаушылардың мемлекеттік тілді білу міндетін заңмен бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қаңтар оқиғасы кезінде шеруге шыққандар мен қамалғандар, оларды ұстағандар, тергегендер – барлығы қазақ тілді азаматтар. Осы орайда құқық қорғау қызметкерлері халқымен өз ана тілінде сөйлесіп, туындаған мәселелерді өз тілінде түсіндіргені абзал. Осылайша халыққа етене жақын болып, нағыз тыныштық сақшылары болуы қажет. Тәртіп сақшыларының мемлекеттік тілді игеру мәселесін назардан тыс қалдырмай, қарастырып отырған заң жобасы аясында өз шешімін табуы керек деп санаймын", - деді Дүйсенбинов мәжілістің жалпы отырысында.
Айта кетері, мәжілістің бүгінгі отырысында құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды.
Осы құжатпен құқық қорғау қызметіне кіру, оны өткеру және тоқтату тәртібі реттеледі. Ал бірқатар нормалары құқық қорғау органдарының қызметкерлерін материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, соның ішінде құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне қамтиды.
Алматы 7 қаңтар 2022 жыл - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2022
Қаңтар оқиғасы
Қаңтардағы бүлік: депутат жетім балаларды босатуды талап етті
Жаңалықтар
0