Қоғам

Дариға Назарбаева әлі жұмысқа шыққан жоқ

© Sputnik / Владислав ВодневДариға Назарбаева
Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2022
Жазылу
Ол президент жаңа премьер-министрді таныстырған кезде де, Нұрлан Нығматулиннің орнына мәжілістің жаңа спикері Ерлан Қошанов сайланғанда да болмады
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан - Sputnik. Дариға Назарбаева сәрсенбі күні мәжілістің жалпы отырысына қатыспады.

"Депутат әлі де жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі коронавируспен ауырғандықтан, қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болатыны хабарланды. Ол сырқаттан кейін оңалу кезеңінен өтіп жатыр делінген еді.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева жыл басынан бері парламентке келмеді.
Ол президент жаңа премьер-министрді таныстырған кезде де, Нұрлан Нығматулиннің орнына мәжілістің жаңа спикері Ерлан Қошанов сайланғанда да болмады.
Мәжілістің жетінші шақырылымында Назарбаева Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды. Комитет басшысы Альберт Рау Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында бұған дейін Дариға Назарбаева еңбек тәртібін бұзбағанын және тек нақты себептермен ғана жұмыста болмағанын айтты.
Елбасы қызының басқа әріптестері Назарбаеваның депутаттық мандаттан бас тартатын уақыты келді деген пікір білдірді.
Алия Назарбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2022
Қаңтар оқиғасы
Әлия Назарбаева Алматы трагедиясына қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
0