Алматы әкімінің экс-орынбасары Бабақұмаров жаңа қызметке тағайындалды
15:10 09.02.2022 (жаңартылды: 15:20 09.02.2022)
© Photo : пресс-служба премьер-министра РК Ержан Бабакумаров
© Photo : пресс-служба премьер-министра РК
Жазылу
Руслан Әлішев "Орталық коммуникациялар қызметі" мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасының президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Президент өкімімен бұл қызметте болған Руслан Қанатханұлы Әлішев "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды.
Ержан Бабақұмаровтың өмірбаяны
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы 1969 жылы 2 наурызда дүниеге келген. 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Саяси тарих пәнінің оқытушысы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. ҚР Саяси ғылымдар академиясының академигі.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 1995 жылы Қазақстан даму институтының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының директоры лауазымынан бастаған.
1996 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
1996-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аға референті, кеңесші, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі, ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрінің міндетін атқарушы, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі, жауапты хатшысы болды
2008-2012 жылдары-ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.
2012-2016 жылдары- ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РМК директоры.
2016-2018 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары. 2018-2019 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжау орталығының меңгерушісі.
2019 жылғы сәуір-шілде аралығында ҚР Президентінің кеңесшісі болды.
2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
"Құрмет" (2005) және "Парасат" (2017) ордендерімен марапатталған.