https://sputnik.kz/20220209/atyrau-aurukhanada-bala-qaytys-boldy-22635178.html
Атыраудағы ауруханада емделген 3 бала көз жұмды – бас дәрігер себебін айтты
Атыраудағы ауруханада емделген 3 бала көз жұмды – бас дәрігер себебін айтты
Sputnik Қазақстан
Бір бала астанаға ауыстырылғаннан кейін "Ана мен бала" орталығында көз жұмған 09.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-09T09:06+0500
2022-02-09T09:06+0500
2022-02-09T09:06+0500
өңірлер
атырау
бала
аурухана
дәрігер
https://sputnik.kz/img/655/78/6557895_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_7ca7869b012f99cb972de7b5f737d765.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Атырау облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов сан алуан диагнозбен түскен үш баланың қалай қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды Atpress.kz. Оның айтуынша, астанаға ауыстырылған бала бас кезінде облыстық инфекциялық ауруханада емделген. Бірақ жағдайы нашарлап кеткеннен кейін 14 желтоқсанда облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Сол жерде 24 күн бойы емделді. Жағдайы тұрақты бола бастады. "Кейін Нұр-Сұлтаннан мамандар мен санитарлық авиация шақырылып, "Ана мен бала" орталығына жібердік. Бес күннен кейін қайтыс болды. Негізгі диагноз - өткір ішек инфекциясы. Ауру асқынып кеткендіктен, баланың бүйрегі көтере алмады", - деп атап көрсетті Айтмұхамбетов. Екінші бала да ауыр жағдайда облыстық ауруханаға түскен. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Дәрігерлер шұғыл емдеу шараларын қолға алғанмен, пациент көз жұмған. Ал үшінші бала күйікпен түскен. "Емдеу кезінде жағдайы күрт нашарлап кетті. Бірден жансақтау бөліміне ауыстырылды. Өкініштісі, қанның ұюы нашар болған. Сол себепті емдеу шаралары нәтиже бермеді", - деді аурухана басшысы. Үшінші баланы емдегенде дәрігерлер де "Ана мен бала" орталығының мамандарынан кеңес алған.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/655/78/6557895_50:0:1750:1275_1920x0_80_0_0_7e9f6bdb5d26987ac50d39a7adea10f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, бала, аурухана, дәрігер
атырау, бала, аурухана, дәрігер
Атыраудағы ауруханада емделген 3 бала көз жұмды – бас дәрігер себебін айтты
Бір бала астанаға ауыстырылғаннан кейін "Ана мен бала" орталығында көз жұмған
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Атырау облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов сан алуан диагнозбен түскен үш баланың қалай қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды
Atpress.kz.
"Бізде бала өлімінің үш фактісі тіркелген болатын. Бір баланы Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырған. Бірақ ол "Ана мен бала" орталығында көз жұмды", - деді Айтмұхамбетов арнайы брифингте.
Оның айтуынша, астанаға ауыстырылған бала бас кезінде облыстық инфекциялық ауруханада емделген. Бірақ жағдайы нашарлап кеткеннен кейін 14 желтоқсанда облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Сол жерде 24 күн бойы емделді. Жағдайы тұрақты бола бастады.
"Кейін Нұр-Сұлтаннан мамандар мен санитарлық авиация шақырылып, "Ана мен бала" орталығына жібердік. Бес күннен кейін қайтыс болды. Негізгі диагноз - өткір ішек инфекциясы. Ауру асқынып кеткендіктен, баланың бүйрегі көтере алмады", - деп атап көрсетті Айтмұхамбетов.
Екінші бала да ауыр жағдайда облыстық ауруханаға түскен. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Дәрігерлер шұғыл емдеу шараларын қолға алғанмен, пациент көз жұмған. Ал үшінші бала күйікпен түскен.
"Емдеу кезінде жағдайы күрт нашарлап кетті. Бірден жансақтау бөліміне ауыстырылды. Өкініштісі, қанның ұюы нашар болған. Сол себепті емдеу шаралары нәтиже бермеді", - деді аурухана басшысы.
Үшінші баланы емдегенде дәрігерлер де "Ана мен бала" орталығының мамандарынан кеңес алған.